14 қыркүйек 2018 17:15

Қазақстандықтарға тұмаудың жаңа екі түрі туралы ескерту жасалды

ПОДЕЛИТЬСЯ

© pixabay.com © pixabay.com

Қазіргі уақытта Қазақстанда маусымдық аурулар кезінде тұмаудың жаңа екі түрі анықталды. Бұл туралы мемлекеттік санитарлық дәрігер Жандарбек Бекшин мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 


Қазіргі уақытта Қазақстанда маусымдық аурулар кезінде тұмаудың жаңа екі түрі анықталды. Бұл туралы мемлекеттік санитарлық дәрігер Жандарбек Бекшин мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

Жандарбек Бекшиннің айтуынша, өткен жылы Қазақстанда тұмаудың үш түрі тіркелді: "Мичиган", "Гонконг" және "Брисбен". Биыл енді тағы екі түрі қосылды.

"Биыл жағдай өзгерді, Мичиганға" Сингапур" және "Колорадо" тұмау түрлері қосылды. Бұлардың ішінде ең қауіптісі "А" типі, оған қарсы иммунитет жоқ", - деп ескертті дәрігер. 

Сонымен қатар, оның айтуынша, ведомствоның тексерісі барысында осы типке қазақстандықтардың тек 20 пайызында ғана иммунитет барын анықтаған. 

Вирустан қорғану мақсатында, бас санитарлық дәрігер иммунитет көтеру шараларын және вакцинация жасауды ұсынады. 

Биыл Қазақстанда вакцинация 1 қазанда басталады. Қазіргі уақытта елімізге жарты миллион вакцина дозасы жеткізілген. Бұған 1 миллиард 200 миллион теңге жұмсалған. 

Қалған тұрғындар үшін ақылы медициналық пункттер жұмыс істейтін болады. Олар туралы мәліметтер қалалық денсаулық сақтау басқармасыжәне қоғамдық денсаулық сақтау департаментінің сайттарында жарияланады. 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.26   490.7   4.83 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети