23 ақпан 2019 | 18:10

Қазақстанға БАӘ мен Гонконгтан келетін туристер саны артқан

Камила Долаева Журналист

2018 жылы атқарылған жұмыстар нәтижесінде сырттан келушілер туризмі 10 пайызға және ішкі туризм 5 пайызға өсті. Мұндай мәліметтерді Kazakh Tourism ҰК АҚ басқарма төрағасы Рашид Күзембаев келтірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі primeminister.kz сайтына сілтеме жасап. 

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

2018 жылы атқарылған жұмыстар нәтижесінде сырттан келушілер туризмі 10 пайызға және ішкі туризм 5 пайызға өсті. Мұндай мәліметтерді Kazakh Tourism ҰК АҚ басқарма төрағасы Рашид Күзембаев келтірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі primeminister.kz сайтына сілтеме жасап. 

Деректер бойынша, 2018 жылы Қазақстанға 8 488,3 мың адам келген, бұл 2017 жылға қарағанда 10,2 пайызға жоғары және 2015 жылдың көрсеткіштерімен салыстырғанда өсім 32 пайызды құрады.

Реклама
Реклама

БАӘ (50 пайыз), Үндістан (49 пайыз), Малайзия (44 пайыз), Гонконг (22 пайыз), Польша (16 пайыз), Оңтүстік Корея (15 пайыз) және АҚШ (5,8 пайыз) секілді елдерден келушілер саны артқаны байқалады. Сонымен қатар, Германия, Ұлыбритания және басқа да бірқатар елдердің азаматтарының келу көрсеткіші бастапқы деңгейде сақталған.

Елбасы 2018 жылғы 5 қазандағы "Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру" Жолдауында туризмді дамыту бойынша жекелеген салалық мемлекеттік бағдарлама әзірлеуді тапсырды.

Kazakh Tourism басқарма төрағасы Рашид Күзембаевтың айтуынша, бағдарлама аяқталу сатысында тұр және алдағы 3-4 ай ішінде бағдарлама толықтай дайын болады. Бұдан өзге, туризм бойынша заң жобасы әзірленді, ол да келісу сатысында тұр және жарты жыл ішінде ҚР Парламентіне ұсынылады.  

"Мемлекеттік бағдарлама туристік бағытты қалыптастыру мен ілгерілетудің 6 негізгі бағытынан тұрады. Мемлекеттік бағдарламаның жобасында біз Қазақстанның туристік брендін ілгерілету стратегиясының негізгі ережелерін көрсеттік. Аталған құжаттың қабылдануы Қазақстанның туризмнің әлемдік картасында жаңа туристік бағдар ретінде жүйелі дамуына жол ашады. “Kazakh Tourism” ұлттық компаниясы тиісті ресурстар мен өкілеттік алатын елдік бренд-менеджерге айналады. Сондай-ақ, ілгерілету процесіне мәдениет және спорт, сыртқы істер, ақпарат және коммуникациялар министрліктері, жергілікті атқарушы органдар, “Атамекен” ҰКП, бизнес пен жұртшылық секілді барлық қызығушылық танытушы тараптар қатысуы тиіс деп есептейміз. Осылайша, Қазақстанда туризмді тиімді әрі тұрақты дамытуға мықты негіз құрамыз", - деді Күзембаев.

Басқарма төрағасының айтуынша, мақсатты аудитория түйіні - бүгінде туризм мен саяхаттау трендтерін қалыптастырып жүрген миллениалдар (Y буыны), сондай-ақ, Z буынының өкілдері. Осыны ескере отырып, ілгерілетуде негізгі басымдық цифрлық арналарға жасалады.

"Ілгерілету стратегиясы үш кезеңнен тұрады. Бірінші кезеңде мақсатты елдердің алғашы екі тобын назарға ала отырып, ұлттық туристік бренд пен суббрендтер белсенді түрде ілгерілейтін болады. Екіншісінде - негізгі туристік өнімдерге жасалатын жарнамаға басымдық беріледі. Ал үшінші кезең - перспективалық нарықтармен жұмыс және мақсатты елдер санын кеңейтуге қатысты жасалатын белсенді жұмыс», - деді Күзембаев.

Бұдан өзге, маркетингтік коммуникация тиімділігін арттыру үшін Мемлекет басшысы атап көрсеткен үздік басым туристік аумақтарды ілгерілетуге аса көңіл бөлінеді, олар: Алматы тау кластері, Астана, Щучинск–Бурабай шипажай аймағы, Түркістан, Алакөл, Маңғыстау, Баянауыл, Балқаш және Шалқар–Имантау курорттық аймағы.

Айта кету керек, өткен жылы Мәдениет және спорт министрлігі "Kazakh Tourism" ҰК" АҚ-мен және облыстардың әкімдіктерімен бірлесіп, Қазақстанның туристификация картасын қалыптастыру мен аса маңызды туристік нысандарды іріктеу бойынша ауқымды жұмыстар жүргізді, оған жұмыс қорытындысы бойынша 60 нысан мен бағыт кірді. Нысанның туристік магнит ретіндегі бірегейлігі мен туристер ағынын арттыру әлеуетінің болуы іріктеу белгілері болды. Бұған қоса, олардың тарихи-мәдени маңызы ескерілді. Бұл нысандар арасында республикалық ауқымдағы үздік 10-ына басымдық берілді, олар туристер ағынын түбегейлі арттырып, туризмнің экономикаға тигізер үлесін ұлғайтады.


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная