Tengri FM Радиосы Радио Жұлдыз FM Қазақстан заңдары Экономика сабақтары
KZ RU EN
Бізге жазба жолдау +7 (727) 388 8124
искать через Tengrinews.kz
искать через Google
искать через Yandex
USD / KZT - 333.32
EUR / KZT - 392.58
CNY / KZT - 50.02
RUB / KZT - 5.64

Қазақстанға емін-еркін көлік әкелу туралы жаңа ереже алып тасталуы мүмкін

20 Қаңтар 2015, 09:21
0
©Drom.ru
©Drom.ru

Еуразиялық экономикалық одақ елдеріне автомобильдердің импорты туралы жаңа ережеге кедергісіз алып келініп жатқан көліктердің қозғалтқышы Евро-4 стандартына сәйкес келмейтіндіктен және Қазақстанның заңнамасына қайшы болғандықтан өзгерістер енгізілуі мүмкін. ҚР Инвестиция және даму министрлігі таяуда осыған қатысты Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігінің Әкімшілік полиция комитетінің оған дейін айтқан жаңа ережесінен айырмашылығы бар өз көзқарасын білдірді, - деп хабарлайды Kolesa.kz.

Ведомствоның баспасөз хабарламасында куәлікті рәсімдеу кезінде көлік құралының қауіпсіздігі бойынша талаптардың орындалуы тексеріледі, оның ішінде зиянды заттарды шығару деңгейі де қаралады. Автомобильдің 4 экологиялық классындағы (Евро-4) ережеге сәйкес келмеуі көлік құралын мемлекеттік тіркеуге қабылдамауының себебі бола алады. 

Ал шенеуніктер "Жол қозғалысы туралы" заң мен Кедендік одақтың техникалық регламентіне қарсы шығып отыр. Ал бір апта бұрын Қазақстанда 1 қаңтардан бастап ЕАЭО елдерінен - Ресей мен Беларусьтен келетін көліктің шығарылған жылы мен Евро-4 экологиялық нормасына сәйкестігі бойынша шектеу алып тасталғаны хабарланған еді. Сөйтіп, ҚР ІІМ Әкімшілік полиция комитетінің қызметкерлері жаңа норманы түсіндіру мақсатында өз әріптестерін өңірлерге жіберген еді. 

"Отандық мемлекеттік органдардың мәліметтерінің сан түрлілігі редакцияны да, барлық көлік жүргізушілерді де таң қалдырып отыр, десе де жаңа техникалық регламенттің күшіне енуі жоспарлы түрде болған еді. Инвесиция және даму министрлігінің, заңдық негізі жоқ болса да, Қазақстанға ескі көліктерді әкелуге бар күшімен қарсылық көрсетіп жатқаны анық көрініп тұр. ҚР ІІМ Әкімшілік полиция комитеті де жеке әңгімеде Ресей мен Беларусьтен келетін көліктерді есепке тұрғызуда шектеулердің енгізілетінін айтып отыр. Тиісті құжаттар дайындалып жатыр", - деп жазады Kolesa.kz. 

Бұдан кейін басылым ҚР Ішкі істер министрлігіне сілтеме бере отырып, Ресей мен Беларусьтен әкелінетін көліктің шығарылған жылы мен экологиялық классы бойынша шектеудің әзірше жоқтығын анықтады. Бұл туралы толық мәлімет 19 қаңтарда ведомствоның ресми сайтында шықты.

Таяу уақытта, деп жазады Kolesa.kz, ҚР Инвестиция және даму министрлігі мен Әкімшілік полиция комитетінің өкілдері баспасөз мәслихатын өткізуге уәде берді, онда барлығы да анықталады.  

КТК телеарнасы ҚР Индустрия және сауда министрлігінің шетелден Евро-4 стандартына сәйкес келмейтін автокөліктерді сатып алмауға кеңес бергенін хабарлады. Сарапшылардың айтуынша, ұлттық заңнама мен техникалық регламенттерді әзірше ешкім алып тастаған жоқ және шенеуніктер Еуразиялық экономикалық одаққа кіргеннен кейін барлық нормативтік актілерді растау процедурасын бітірген соң ғана тапқыр азаматтар үшін айла-шарғыларды міндетті түрде жояды.

Евро-4 экологиялық стандартына және техникалық регламентке сәйкес келмейтін көлікті сатып алмау туралы кеңесті Қазақстан автобизнес ассоциациясы да айтып отыр.


Нравится
Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай