03 тамыз 2014 11:22

Қазақстанға есірткі заттарын өткізген италиялық шартты түрде бостандыққа шықты

ПОДЕЛИТЬСЯ

Флавио Сидани. Фото "Ақ Жайык" Флавио Сидани. Фото "Ақ Жайык"

Қазақстанға есірткі заттарын өткізгені үшін сотталған итальян Флавио Сидани бостандыққа шығады, - деп жазады "Ақ Жайық" басылымы. Сот 1 тамыз күні сот оны шартты түрде мерзімінен босату туралы оның өтінішін қанағаттандырды.


Қазақстанға есірткі заттарын өткізгені үшін сотталған итальян Флавио Сидани бостандыққа шығады, - деп жазады "Ақ Жайық" басылымы. Сот 1 тамыз күні сот оны шартты түрде мерзімінен босату туралы оның өтінішін қанағаттандырды.

Флавио Сидани 2010 жылы Атырау облысында алты жылға бас бостандығынан айрылған болатын.

Ол "Аджип ККО" компаниясының қаржы жөніндегі топ-менеджері болып қызмет атқарған.

Хаттама бойынша одан 112,73 грамм гашиш және 57,53 грамм канабис шайыры (қарасора) табылған. Оған Қылмыстық кодекстің "Аса ірі мөлшерде есірткі сатып алу, сақтау және өткізу, сату", "Аса ірі мөлшердегі есірткі контрабандасы", "Есірткі заттарын пайдалану" баптары бойынша айып тағылды. Тергеудің есірткі тарату туралы нұсқасын қуаттау үшін Сиданидің компаниядағы әріптестерімен бірге канабисті сигарет шегіп отырған сәті бейнетаспаға түсіріліп, іс материалдарына тіркелген.

Сидани мерзімінің үштен екісі өткеннен кейін шартты түрде босатуға өз өтініш жазған.

Сот өзінің шешімімен Сиданиді мерзімінен бұрын босатты. Сот шешімі шыққаннан кейін 15 күннен соң Сиданидің Қазақстан шегінен кетуіне құқығы бар. Оның қайда баратыны әзірге белгісіз.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.44   490.7   4.77 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети