Қазақстанға Иран президенті келеді

12 Тамыз 2014, 14:37
0

Иран президенті Қазақстанға келеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"Келесі айда президент Хасан Рухани Қазақстанға алғашқы ресми сапарымен келеді деп күтіп отырмыз. Бұл сапар екіжақты байланыстарды жаңа деңгейге көтеруге мүмкіндік береді", - деді Мемлекет басшысы елшілердің сенім грамотасын тапсыру салтанатынан соң.

Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстанның Иранмен саяси-экономикалық байланыстарының жылдан жылға нығайып келе жатқанын және іске қосылуы жоспарланып отырған Қазақстан - Түрікменстан - Иран теміржолының бұған дәлел болатынын атап өтті. Оның айтуынша, бұл бағыт аймақтың сауда-экономикалық ынтымақтастығына серпін бермек.

Президент аймақ тыныштығы үшін Иранның ядролық бағдарламасы төңірегіндегі ахуалдың тезірек шешілуінің маңызы зор екенін айтты. "Біз Алматыда "алтылық" елдері мен Иран арасындағы келіссөздердің екі раундын өткізіп, бұл процеске үлесімізді қостық. Алдағы уақытта тараптардың барлығын қанағаттандыратын ұзақмерзімді келісімге қол жетеді деп сенеміз", - деді Назарбаев.

Айта кетейік, Иран елшісі Можтаба Дамирчилу бүгін Қазақстан Президентіне сенім грамотасын тапсырған болатын.


  • Подписаться на канал новостей TengriNews:

  • Google News
  • Yandex News
  • Yandex Zen

Нравится Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай