21 маусым 2016 13:29

Қазақстанға жыл сайын миллионға жуық мигрант қоныс аударады - сарапшы

ПОДЕЛИТЬСЯ

© vb.kg © vb.kg

Қазақстанға жыл сайын бір миллионға жуық мигрант қоныс аударады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Бұл туралы "Жария" көші-қон жобасының басшысы Шавкат Исмаилов "Халықтың көші-қоны" заңының болашағы мен мүмкіндіктері талқыланған дөңгелек үстел барысында хабарлады.

Сарапшылардың айтуынша, бүгінгі таңда Қазақстанға көшіп келушілерді бақылауды жетілдіру керек. Әсіресе, жұмыс істеуге келген адамдарды бақылау керек. "Жыл сайын көшіп келіп жатқан адамдармен қоса екі аптадан соң елден келіп-кетіп жатқан адамдарды да есептеу керек. Қордайға шығып, Петропавл арқылы Ресейге кетіп жатқан адамдар да бар", - деді Исмаилов.

Сонымен қатар, сарапшы Қазақстанға Қырғызстаннан тұрақты тұруға 50-90 мың еңбек мигрантының көшіп келетінін нақтылады. Алайда, қоныс аударғандардың ішінде ресми және бейресми түрде өзбектердің саны көп екен. Жұмыс істеуге келгендердің қатарында, Исмаиловтың айтуынша, Тәжікстан азаматтары да бар. Сонымен қатар, Украинадан қоныс аударып жатқандар да жетерлік. Сарапшылар бұл жағдайды саяси оқиғалар мен елдегі еңбек нарығының төмендеуімен байланыстырып отыр.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.44   490.7   4.77 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети