Қазақстанға Ресейден келетіндер саны азайып келеді - ІІМ

Қазақстанға Ресей Федерациясынан келетін мигранттар саны азайып келеді. Бұл туралы премьер-министрі Әлихан Смайыловтың көші-қонның өзекті мәселелері бойынша өткізген кеңесінде мәлім болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Primeminister-ге сілтеме жасап. 

Ішкі істер министрі Марат Ахметжанов 21-28 қыркүйек аралығында Ресей Федерациясынан ел аумағына келген мигранттар қатарының әдеттегіден 2-3 есеге көбейгенін айтты.

"Тек кейінгі екі күнде бұл елден келушілер саны (29 қыркүйек – 22,5 мың адам кірді, 10,1 мың адам еден шықты, 30 қыркүйек – 14,9 мың адам кірді/11,6 мың адам шықты) едәуір төмендей бастаған. Есептік кезеңде Ресей Федерациясының 382 азаматы тұрақты тұру үшін және 64 азаматы ҚР азаматтығын алуға құжат тапсырған", - деді министр.

Министрдің айтуынша, қазір еліміздегі криминогендік жағдай тұрақты. Мигранттар тарапынан Қазақстан азаматтарына қатысты жасалған қылмыстар тіркелмеген. Сонымен қатар, ІІМ шетелдік азаматтардың қоғамдық қауіпсіздігін және заңдылығын қамтамасыз етуді бақылауды күшейтті, атап айтқанда, адам көп шоғырланатын жерлерде полиция нарядтарының саны артты.  

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!