01 қыркүйек 2016 12:08

Қазақстанға шын мәнінде террористік қауіп төне бастады - Назарбаев

ПОДЕЛИТЬСЯ

© Ақорда © Ақорда

Астанада Парламент палаталарының біріккен отырысы өтті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Астанада Парламент палаталарының біріккен отырысы өтті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Былтыр жазда болған оқиғалар әлемде ешбір елдің террористердің шабуылынан сақтанбағанын көрсетті. Қазақстанға да террористік қауіп төне бастады. (...) Мұның барлығы тәуелсіздігіміздің 25 жылын қиын кезеңнен бастайтынымызды көрсетеді", - деді Президент. Cондай-ақ, Мемлекет басшысы жаңа сессия аясында 50-ге жуық заңнаманың қабылданатынын айтып өтті.

Нұрсұлтан Назарбаевтың айтуынша, жаңа заңдарды әзірлеу мен қабылдаудың барлық мәселелері жөнінде Үкіметпен тығыз әрі үйлесімді өзара іс-қимыл жүргізу қажет. Осы орайда, заңдар тиянақты әрі сапалы әзірленген болуы тиіс. Әсіресе Сенат пен Мәжіліс депутаттарының халыққа жаңа заңнаманың мақсаттары мен міндеттерін жеткілікті түрде түсіндірудегі рөлін арттыру маңызды.

Сонымен қатар, Қазақстан Президенті әлемдік экономика мен саясаттағы күрделі жағдайға назар аударды. "Әлемдегі көптеген экономикасы дамыған және дамушы мемлекеттер қиындықты бастан кешуде. Елдер арасындағы инвестиция ағынының көлемі азайды. Біз әлемдік экономиканың бөлігі болғандықтан, мұның бәрі Қазақстандағы жағдайға да кері әсерін тигізуде. Осындай жағдайда Үкімет пен Ұлттық банктің дағдарысқа қарсы іс-қимыл жоспарының іске асырылуы жалғаса береді, ол жаңа шаралармен уақтылы толықтырылып отырады", - деді Назарбаев.

Бұдан бөлек, Нұрсұлтан Назарбаев Парламент Палаталары қызметінің барынша жариялы болуы қажеттігіне тоқталды.

"Парламенттің екінші сессиясы жұмысын тарихтағы ең маңызды сәтте бастады. Біріншіден, Қазақстан 25 жылдық тәуелсіздігін атап өтуге дайындалып жатыр. Бұл жыл оқиғасы, бұл тек мейрам емес. Біз барлық ауыл, қала, облыс және өңір тұрғындарына еліміздің жеткен жетістіктерін, болған өзгерістерді және ширек ғасырда атқарған жұмыстарымызды көрсетуіміз керек. Осы мерекеге арналған іс-шаралар да қазір басталуы қажет. Әрбір ауылдағы қазақстандық бұл іс-шара жайлы білу керек", - деді Мемлекет басшысы.

"Екіншіден, біз Қазақстанды жан-жақты модернизациялау жоспарының, яғни Ұлт жоспарының жаңа бөліміне к-шеміз. Парламенттегілер заңнама негізін құру үшін Үкіметтегілермен біріге отырып, қалай жұмыс істеуге болатыны жайлы ұсыныстарды айту керек. Заңнаманы құру жұмыстары барысында үкіметтегілермен тығыз байланыста болу керек. Барлығы жетілдірілуі керек. Сондай-ақ, заңнаманы құру барысында тұрғындармен ақылдасып, комиссиядағылар тексеріс жүргізуге міндеттеледі. Меніңше, осыған дейін өткен тәжірибеміз алдымен заңнаманы халыққа түсіндіру қажет екенін айтады. Халыққа жаңа қабылданған заңңаманың мақсаты мен тапсырмаларын түсіндіру үшін әсіресе, Сенат пен Мәжілістегі депуттардың ролін күшейту өте маңызды. Расында да кез келген заңды алып қарасыңыз, ол қандай да бір маңызды мәселені шешуге бағытталады. Алайда ол жұмыстар соңына дейін атқарылмайды. Ал осы заңдардың не үшін қажет екенін қарапайым тілмен түсіндіру жағы бізде жоқ. Ең алдымен, басты назарды халыққа аудару керек. Қабылданған заңнамалар халықтың әлеуметтік-экономикалық жағдайын жақсарту, азаматтардың бизнесін дамыту сияқты жұмыстармен айналысу қажет. Шын мәнінде заңдар сол үшін қабылданады", - деді Нұрсұлтан Назарбаев.

Сондай-ақ, мемлекет басшысы осы айдың бірінші жартысында үкіметтің кеңейтілген отырысы өтетінін айтты.

"Мен сіздерге халықты жұмыспен қамтуға, тұрғындардың табысын көбейтуге, яғни біздің экономикалық тұрғыдан дамуымыз үшін, банктеріміз жұмыс істеуіне, несиелеудің мүмкіндіктерін кеңейтуге бағытталған жаңа шараларды ұсынатын боламын. Заңдарды қабылдаудың қажеттігі мен бүкіл қисыны қазақстандықтарға айқын әрі түсінікті болғаны маңызды. Күзгі сессиядан бастап Сенат пен Мәжіліс жұмысының, сондай-ақ Парламент Палаталарының бірлескен отырыстарының тікелей онлайн-көрсетілімін енгізу бұған септігін тигізетін болады. Сонымен қатар, заң шығару үдерісінің аясын кеңейту қажет. Жобаларды әзірлеу кезеңінде оған қоғамдық сарапшылар, парламенттік емес партиялар мен үкіметтік емес ұйымдар және БАҚ өкілдерін тарту керек. Халықты алдын-ала ақпараттандыру және тиісті құқықтық жаңалық-өзгерістерді қоғамдық талқылау жөніндегі ЭЫДҰ елдерінің тәжірибесін белсене қолдану керек", - деді Мемлекет басшысы.

Сөзінің соңында Нұрсұлтан Назарбаев жиналғандарды кезекті парламенттік сессияның басталуымен құттықтап, зор денсаулық және жемісті жұмыс тіледі.

Читайте также
Join Telegram
Тоқаев Қытайға барады

Валюта бағамы

 448.12   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети