Қазақстаннан Бали аралына тікелей ұшу мүмкін болады

30 Маусым 2014, 11:43
0
Қазақстаннан Бали аралына тікелей ұшу мүмкін болады - Балидегі ұлттық фестиваль. ©REUTERS
Балидегі ұлттық фестиваль. ©REUTERS

Балиге Қазақстаннан тікелей қатынау мүмкін болады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ҚР Көлік және коммуникация министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Қазақстан мен Индонезияның авиациялық билігі өзаратүсіністік жөнінде меморандумға қол қойды. Тараптар екі ел арасында тұрақты рейстер ашуға келісті.

"Индонезиялық әуетасымалдаушыларға елдің кез келген нүктесінен Астана мен Алматыға және Қазақстанның кез келген нүктесінен Джакарта мен Денпасар (Бали аралы) қалаларына рейстер орындауға рұқсат берілді. Қазақстандық әуе компаниялары 2014-2015 жылдардағы күз-қыс кезеңінде Алматы - Денпасар бағытында рейс ашуға ниетті", - делінген хабарламада.

Екі ел арасындағы келісімдерге сәйкес, тараптардың әрқайсысы аптасына бес рейске дейін тұрақты ұшуларды орындай алатын болады. 

 


  • Подписаться на канал новостей TengriNews:

  • Google News
  • Yandex News
  • Yandex Zen

Нравится Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай