20 наурыз 2015 14:15

Қазақстанның 150-ге жуық азаматы шетелде әскери қақтығыстарға қатысып жүр

ПОДЕЛИТЬСЯ

©REUTERS ©REUTERS

Шетелдегі лаңкестік ұйымдардың құрамында Қазақстанның 150-ге жуық азаматы әскери қақтығыстарға қатысып жүр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Интерфакс-Қазақстан"агенттігіне сілтеме жасап.


Шетелдегі лаңкестік ұйымдардың құрамында Қазақстанның 150-ге жуық азаматы әскери қақтығыстарға қатысып жүр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Интерфакс-Қазақстан"агенттігіне сілтеме жасап.

"Бүгінгі таңда шетелде жүрген 150 қазақстандық сондай ұйымдардың құрамына кіріп, әскери қақтығыстарға қатысып жүр, олардың қасында барлығы 200-ге жуық отандасымыз бар, олар - содырлардың жесірлері, әйелдері мен балалары", - деп мәлімдеді Қазақстан ұлттық қауіпсіздік комитеті (ҰҚК) төрағасының орынбасары Нұрғали Білісбеков жұма күні Астанада өткен халықаралық лаңкестік мәселелері қозғалған жиында.

"Шындығына келгенде, олар - алданғандар, біздің елдің алданған азаматтары. Олардың көпшілігі лаңкестер әрекетінің шынайы астарын көріп, қателерін түсінді, олар өз Отандарына қайтқылары келеді, бірақ қорқады", - деді ол.

Читайте также
Join Telegram
Тоқаев Қытайға барады

Валюта бағамы

 448.12   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети