13 шілде 2015 11:48

Қазақстанның адам құқықтары жөніндегі орталықтың басшысы педофилдерді химиялық жолмен кастрациялауды қолдайды

ПОДЕЛИТЬСЯ

© REUTERS © REUTERS

Адам құқықтары жөніндегі ұлттық орталықтың жетекшісі Вячеслав Калюжный педофилдерге химиялық жолмен кастрациялау жазасын қолдануды қолдайтынын айтты, - деп хабарлйды Tengrinews.kz тілшісі.


Адам құқықтары жөніндегі ұлттық орталықтың жетекшісі Вячеслав Калюжный педофилдерге химиялық жолмен кастрациялау жазасын қолдануды қолдайтынын айтты, - деп хабарлйды Tengrinews.kz тілшісі.

"Мен мұны қолдаймын", - деді Калюжный ОҚК брифингінде тілшілердің Қазақстанда педофилдерге химиялық піштіру жазасын қолдану туралы сұрақтарына жауап бере отырып. 

Ол химиялық жолмен піштірудің бұрыннан талқыланып келе жатқанын, көп елдерде мұның қолданысқа енгенін атап өтті. Адам құқықтары жөніндегі ұлттық орталықтың төрағасы педофилдерге қатаң жаза қолдануды жақтайтындардың қатарында екенін бірнеше рет айтты.

"Әрине, педофилдерге қатысты жаза қатаң болуы керек, бұған күмән жоқ. Химиялық піштіру туралы мен бұл жерде тұрып айтпаймын, негізінен біздің Қылмыстық кодексте бұған қатысты жаза күшейтіліп келе жатыр. Оларға қолданылатын жаза өте қатаң болуы керек, себебі олар адам емес", - деді Калюжный. Ол өз тәжірибесінен мысал келтіріп, ер адамның мектеп оқушысын зорлағаны үшін алты жыл түрмеде отырғанын, шыққан соң тағы екі рет осындай қылмысқа барғанын айтты.

"Бұл адамдар ауру немесе (...) Сондықтан да оларға қатысты жаза қатаң болуы керек", - деп сөзін аяқтады ол.

Айта кетейік, Қазақстанда педофилдерді химиялық жолмен немесе физикалық піштіруді енгізу бірнеше рет талқыланды. Мұндай ұсынысты Бас прокуратура өкілдері бұрыннан айтып жүр.

Ведомствоның мәліметінше, Қазақстанда 150-ден астам педофил бостандықта жүр.

 
Читайте также
Join Telegram
Тоқаев Қытайға барады

Валюта бағамы

 448.12   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети