Қазақстанның алты облысында қолайсыз ауа райына байланысты жолдар жабылды

04 Қаңтар 2016, 11:51
0
Қазақстанның алты облысында қолайсыз ауа райына байланысты жолдар жабылды - © khabar.kz
© khabar.kz

Қазақстанның алты облысында қолайсыз ауа райына байланысты республикалық мәні бар жолдар жабылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ҚР ІІМ Төтенше жағдайлар комитетіне сілтеме жасап.

2016 жылдың 4 қаңтарындағы сағат 08.00-дегі жағдай бойынша, Ақтөбе, Шығыс Қазақстан, Батыс Қазақстан, Қарағанды, Қостанай, Қызылорда облыстарында ауа райының бұзылуына байланысты жолдарда көліктің барлық түрлері үшін қозғалыс тоқтатылды. 

Ақтөбе облысында Самара - Шымкент (615-1240 шақырымдар), Қарабұтақ - Комсомол (0-231 шақырымдар), Ақтөбе - Орск (8-135 шақырымдар), Қандыағаш-Ембі-Шалқар-Ырғыз (92-401 шақырымдар) тас жолдары мен бірқатар автожолдар жабылды.

Сонымен қатар, ШҚО-да Қарағанды-Аягөз-Боғаз учаскелерінде (320-704 шақырымдар) көліктердің қозғалысына тыйым салынды. Ал БҚО-да Самара - Шымкент (280-526 шақырымдар) жолы жабық. Қарағанды облысында Қызылорда - Павлодар (216-424 шақырымдар) және Алматы - Екатеринбург (489-637 шақырымдар) тас жолдары жабылды.

Қостанай облысында да республикалық мәні бар автожолдардың учаскелері жабылды. Ол Қарабұтақ - Денисовка (231-386 шақырымдар) тас жолы және Қостанай-Әулиекөл-Сұрған (215-232 шақырымдар), сонымен қатар, облыстарда бірқатар жолдар жабылды. Қызылорда облысында Самара - Шымкент (1240-1356 шақырымдар) тас жолы жабық.

Айта кетейік, өзге облыстарда да республикалық және облыстық мәні бар автомобиль жолдарында барлық бағыт бойынша көлік қозғалысына тыйым салынды.


  • Подписаться на канал новостей TengriNews:

  • Google News
  • Yandex News
  • Yandex Zen

Нравится Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай