16 қазан 2016 19:20

Қазақстанның әр облысында инсульт орталықтары ашылады

ПОДЕЛИТЬСЯ

© infomrt.ru © infomrt.ru

Қазақстанның әрбір облысында инсульт орталықтарын ашу көзделіп отыр, - деп хабарлады Егемен Қазақстан "Нейрохирургия ұлттық орталығы" АҚ басқарма төрағасы, ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің штаттан тыс нейрохирургі Серік Ақшолақовқа сілтеме жасап.


Қазақстанның әрбір облысында инсульт орталықтарын ашу көзделіп отыр, - деп хабарлады Егемен Қазақстан "Нейрохирургия ұлттық орталығы" АҚ басқарма төрағасы, ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің штаттан тыс нейрохирургі Серік Ақшолақовқа сілтеме жасап.

ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігі журналистер үшін қазіргі заманғы медициналық орталыққа пресс-тур ұйымдастырды. Онда мамандар орталықта жасалатын операциялар мен инновациялар жөнінде айтып берді.

Серік Ақшолақов адамдар арасында кең тараған арулардың бірі инсульт болып табылатындығын айтты. Бұл аурумен ауырған адамдар 90 пайыз жағдайда өмірімен қош айтысады не мүгедек болып қалады. Бүгін осындай жағдайдың алдын алу үшін арнайы хирургиялық операциялар жасалады.

"Біз жыл сайын 2,3 мыңға жуық жоспарлы операциялар жасаймыз. Олардың шамамен 60-70 пайызында жаңа технологиялар қолданылады. 400 операция тек адам миының қан тамырлары ауруларына байланысты жасалады. Бұл инсультқа алып келуі мүмкін патологиялар. Біз оларды хирургиялық алдын алу деп айтамыз", - дейді Серік Ақшолақов.

Мұндай операциялар мемлекет үшін 3 миллион теңге тұрады. Шет мемлекеттерд оны 60-150 мың АҚШ долларына жасайды. Орталық Азияда мұндай хирургиялық операцияларды тек Қазақстанда жасайды. Сол себепті де мұнда Қырғызстан, Өзбекстан, Тәжікстан сияқты мемлекеттерден тіпті Ресейден де науқастар келіп жатады.

Орталық іске қосылған 8 жыл ішінде бұл жерде 150 шетелдік емделген.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 448.15   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети