05 желтоқсан 2015 16:53

Қазақстанның әскери қызметшілері генерал Мұхтар Алтынбаевқа құрмет көрсетті

ПОДЕЛИТЬСЯ

© ҚР Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі © ҚР Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі

Жаңадан ашылған ҚР ҚК Ұлттық әскери-патриоттық орталығында Халық қаһарманы, армия генералы, 70 жасқа толған Мұхтар Алтынбаевқа құрмет көрсетілді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Жаңадан ашылған ҚР ҚК Ұлттық әскери-патриоттық орталығында Халық қаһарманы, армия генералы, 70 жасқа толған Мұхтар Алтынбаевқа құрмет көрсетілді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Халық қаһарманын Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігі және Қазақстан Қарулы Күштері Бас штабының басшылығы, ҚР ҚК әскери қызметшілері, ҚР Парламентінің депутаттары арнайы құттықтады. Салтанатты шараның ашылуында Қазақстан Республикасының қорғаныс министрі Иманғали Тасмағамбетов мерейтой иесіне құттықтау сөзін арнап, армия генералының Қазақстан Қарулы Күштерінің қалыптасуындағы ерекше рөлін атап өтті.

"Мұхтар Алтынбаев еліміздің ең бір қиын-қыстау, яғни өтпелі кезеңдерінде мемлекет қалыптастыру ісіне араласып, ел сенімін ақтай білді. Сондықтан да 2006 жылдың 6 мамырында Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев қорғаныс министрі, Армия генералы Мұхтар Алтынбаевқа еліміздің ең жоғары марапаты "Халық қаһарманы" атағын берді. Елбасының нағыз ерлерді, яғни елі үшін ерлік жасауға тайсалмайтын қазақтың рухы асқақ, өр мінезді азаматарды жанына тартуы көрегендіктің көрінісі", - деді қорғаныс министрі Иманғали Тасмағамбетов.

Мерейтой иесінің құрметіне орай ҚР Қарулы Күштері әскери-тарихи музейінде Мұхтар Алтынбаевтың өмірі мен әскери қызметінен сыр шертетін фотосуреттерден құралған ерекше экспозиция ашылды. Сонымен қатар, шақырылған қонақтар үшін концерттік бағдарлама ұйымдастырылды.

Мұхтар Алтынбаев - әскери ұшқыш, Халық қаһарманы, екі мәрте ҚР қорғаныс министрі лауазымын атқарды. Бүгінде ҚР Парламенті Сенатының депутаты. Қазақстан армиясы қатарындағы сарбаздар үшін Мұхтар Алтынбаев жауынгерлік ерлік пен даңқтың, абыройлы міндеттің ерекше үлгісі саналады.

Мұхтар Алтынбаев жарты ғасырға жуық еліміздің армиясы қатарында әскери қызметін абыроймен атқарды. ҚР Қарулы Күштерінің Жоғары Бас Қолбасшысы - Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Әбішұлының басшылығымен тәуелсіз Қазақстан армиясының құрылымын нығайтуға және жауынгерлік қабілетін арттыруға, әскери оқу орындарын ашуға, әскерлерді қару жарақ пен әскери техникамен жабдықтауға ерекше үлес қосты. Сондықтан, бүгінгі Қазақстан Қарулы Күштерінің жетістігі мерейтой иесінің есімімен қатар аталады. Мұхтар Алтынбаев барлық жауынгерлік ұшақтарда ұшты, көк аспан төрінде 3500 сағат болып, 7500 ұшуларды орындады.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 448.12   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети