07 қыркүйек 2015 11:42

Қазақстанның Бас прокуратурасы сыртқы сауда келісімшарттарын бақылауды ұсынды

ПОДЕЛИТЬСЯ

© REUTERS © REUTERS

Қазақстанның Бас прокуратурасы сыртқы сауда келісімшарттарын бақылауды ұсынды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ведомствоның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.


Қазақстанның Бас прокуратурасы сыртқы сауда келісімшарттарын бақылауды ұсынды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ведомствоның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"Елден қаржыны заңсыз шығаруды болдырмау және валюталық бақылаудың тиімділігін арттыру мақсатында Бас прокуратураның ұсынысы бойынша мүдделі мемлекеттік органдар екінші деңгейлі банктер (валюталық бақылау агенттері), Ұлттық Банк (реттеуші) және мемлекеттік кірістер органдарының ақпараттық жүйелерін біріктіру жөніндегі жұмыстарды жүргізіп жатыр", - деп жазылған баспасөз хабарламасында.

Ведомствоның мәліметінше, ақпараттық қорлардың интеграциясы сыртқы сауда келісімшарттары бойынша ақшалай қаражаттар мен тауарлардың қозғалысы туралы қажетті ақпаратты онлайн режимінде алуға, валюталық бақылау жөніндегі заңнама талаптарының бұзылуын уақытылы анықтап, жолын кесуге мүмкіндік береді.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 448.12   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети