Синоптиктер Қазақстанда 2017 жылдың 26-28 қаңтар күндері ауа райының қандай болатыны жайлы айтып берді,- деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Қазгидромет" республикалық-мемлекеттік кәсіпорнына сілтеме жасап.

"Алдағы үш күнде Қазақстанда ауа райын циклон, антициклон және олармен байланысты атмосфералық фронттар анықтайтын болады. Бұл күндері ауа температурасы климаттық нормадан 4-8 градусқа жоғары болады деп күтіледі", - деп хабарлады мамандар.
Сондай-ақ, синоптиктердің мәліметінше, еліміздің оңтүстігінде және оңтүстік-шығысында күндізгі ауа температурасы 2-10 градусқа көтеріледі.