30 сәуір 2017 17:29

Қазақстанның басым бөлігінде үсік жүреді

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қазақстанның басым бөлігінде үсік жүреді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ҚР ІІМ ТЖК сайтына сілтеме жасап. 


Қазақстанның басым бөлігінде үсік жүреді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ҚР ІІМ ТЖК сайтына сілтеме жасап. 

Синоптиктердің мәліметінше, 1-2 мамырда Ақмола, Солтүстік Қазақстан, Павлодар, Қарағанды облыстарында және Қостанай облысының кей жерлерінде, 2-3 мамырда Шығыс Қазақстан облысында 1-6 градус үсік жүреді. 

Сондай-ақ, 1-2 мамырда Жамбыл облысында, 2 мамырда Алматы облысында үш градусқа дейін суытады. ҚР ІІМ ТЖК мәліметінше, 29 сәуір мен 1 мамыр аралығында ШҚО өзендерінде су деңгейі күрт көтеріліп, су тасқыны болады деген болжам бар.  

30 сәуір - 2 мамыр аралығында Есіл өзенінің Солтүстік Қазақстан облысындағы бөлігінде су деңгейі көтеріліп, су тасқыны болуы мүмкін. 

Алматы, Оңтүстік Қазақстан облыстарындағы тауларда қар жамылғысының қалың болуына байланысты қар көшкіні жүреді деген қауіп бар.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.44   490.7   4.77 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети