13 қаңтар 2015 10:22

Қазақстанның батысында боранға байланысты жолдар жабылды

ПОДЕЛИТЬСЯ

©РИА Новости ©РИА Новости

Қазақстанның батысында қолайсыз ауа райына байланысты жолдар жабылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Казақавтожол" республикалық мемлекеттік кәсіпорнына сілтеме жасап. Қазір бұл аймақта ақтүтек боран соғып тұр.


Қазақстанның батысында қолайсыз ауа райына байланысты жолдар жабылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Казақавтожол" республикалық мемлекеттік кәсіпорнына сілтеме жасап. Қазір бұл аймақта ақтүтек боран соғып тұр.

Кәсіпорын жариялаған мәліметтер бойынша, қазір Ақтөбеден Ресей шекарасына дейінгі жолдың 8-135-шақырымдары аралығы жабық, сонымен қатар Ақтөбе мен Батыс Қазақстан облысының шекарасын жалғап тұрған тас жолдың 526-723-шақырымындағы учаскесі жабылды. Осыған байланысты бұл аймақтарда қоғамдық және жүк көліктерінің жүруіне тыйым салынған. Көлік қатынасы боран басылғаннан кейін қайта жанданады.

Еске сала кетейік,  синоптиктер 12 қаңтар күні Қазақстан аумағының көп бөлігінде қар жауып, боран соғады, тұман түсіп, көктайғақ болады, жел күшейеді, - деп хабарлаған болатын. Синоптиктердің болжамына қарағанда, бүгін Жамбыл, Оңтүстік Қазақстан облыстарында тұман түсіп, көктайғақ болады. Батыс Қазақстан облысында көктайғақ болып, жел секундына 15-20 метрге дейін күшейеді, боран соғады. Атырау облысында да тұман түсіп, көктайғақ болады, жел күшейіп, боран соғады.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 445.66   490.7   4.78 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети