Қазақстанның батысында күн ыстық болады

29 Маусым 2018, 13:51
0
Қазақстанның батысында күн ыстық болады - © pexels.com
© pexels.com

Синоптиктер 30 маусым - 2 шілде аралығында ауа райы қандай болатынын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Қазгидромет" РМК өкілдеріне сілтеме жасап.

Синоптиктердің мәліметінше, алдағы күндері еліміздің батысында күн ыстық болады.

"Қазақстанның батыс облыстарында орналасқан антициклон және онымен бірге жауын-шашынсыз болатын өте ыстық ауа райы әлі де сақталады. Күндізгі температура мұнда бұрынғыдай плюс 35…43 градус. Ал Қазақстанның солтүстігінде биіктік циклоны тола бастады, ол шығысқа жылжып келеді, сондықтан алдағы үш тәулікте күшті жаңбыр мұнда енді болмайды. Кей жерлерде найзағайлы өткінші жаңбыр және екпінді жел, тек солтүстік облыстарда ғана емес, шығыста да, оңтүстік-шығыс пен республиканың орталығында да сақталады", - деді синоптиктер.

Получить короткую ссылку

Тегтер:

  • Подписаться на канал новостей TengriNews:

  • Google News
  • Yandex News
  • Yandex Zen

Нравится Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай