Қазақстанның Беларусьтегі елшілігінің есепшісі миллиондаған ақша жымқырған

27 Қыркүйек 2017, 12:21
0
Қазақстанның Беларусьтегі елшілігінің есепшісі миллиондаған ақша жымқырған - © Tengrinews.kz
© Tengrinews.kz

Қазақстанның Беларусьтегі елшілігінің есепшісі бюджет қаражатын жымқырғаны үшін сотталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"26 қыркүйекте Астананың Алматы аудандық № 2 сотының үкімімен Асқар Сейдуәлиев ҚР Қылмыстық кодексінің 189-бабының 4-бөлігі 2-тармағы бойынша айыпты деп танылып, 7 жыл 6 айға бас бостандығынан айырылды. Сондай-ақ, оның мүлкі тәркіленді. 158 миллион теңгеден аса бюджет қаражатын жымқырғаны үшін есепші болып жұмыс істеу құқығынан айырылды", - деп хабарлады Астана прокуратурасы.

Тергеу мәліметінше, Асқар Сейдуәлиев 2012-2015 жылдар аралығында жалған кассалық шығыс ордерлерін жасап, елшіліктің ғимаратының құрылысына арналған бюджеттік қаражатты жымқырған.

"Сондай-ақ, Асқар Сейдуәлиев елшілікке Беларусь Республикасының салық органдарынан қосылған құн салығынан қалған ақшаларды - 474 883 долларды жымқырған", - делінген Астана прокуратурасының Facebook желісіндегі ресми парақшасында.

Еске сала кетейік, биыл қаңтар айында Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросы Беларусь Республикасындағы Қазақстан елшілігінің аға есепшісін ұстаған болатын. Ұлттық бюро мәліметінше, Сейдуалиев 2012-2015 жылдар аралығында 207 000 доллар көлемінде бюджет қаражатын жымқырған. Ол "Активбизнесплюс" ғимаратын салған бас мердігерге ақшалар төленді деген кассалық ордерлердің шығынына қатысты құжаттарды жалған дайындаған.


  • Подписаться на канал новостей TengriNews:

  • Google News
  • Yandex News
  • Yandex Zen

Нравится Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай