08 желтоқсан 2014 10:56

Қазақстанның бірқатар аймағында қатты аяз болады

ПОДЕЛИТЬСЯ

©РИА Новости ©РИА Новости

Қазақстанның бірқатар өңірінде қатты аяз болатыны ескертілді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz  "Қазгидромет" РМК мамандарына сілтеме жасап.


Қазақстанның бірқатар өңірінде қатты аяз болатыны ескертілді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz  "Қазгидромет" РМК мамандарына сілтеме жасап.

Синоптиктердің мәлімдеуінше, 8 желтоқсанда Астана қаласының түнгі ауа температурасы 30 градусты көрсетеді. Сондай-ақ аяз Оңтүстік Қазақстан, Жамбыл, Алматы облыстарында да болады. Бұл өңірлерде ауа температурасы түнде 20-25, кей жерлерде 30 градусқа дейін төмендейді. Жалпы, 8 желтоқсанда Қазақстанның басым бөлігінде тұрақсыз ауа райы сақталады, қар жауады, республиканың оңтүстік-шығысында түнде қалың қар жауып, кей жерлерде тұман түседі, көктайғақ болып, жел күшейіп, боран соғады. Тек оңтүстік пен батыста ғана ауа райы жауын-шашынсыз болады. 

Қарағанды мен Шығыс Қазақстан облыстарында 8-9 желтоқсанға арналған ескету жарияланды, бұл өңірлерде түнгі ауа температурасы 30-35 градусқа дейін төмендейді. Алматыда 8-9 желтоқсан күндері түнде 17 градус аяз болады. Астанада 9 желтоқсан күні түнде 16-18 градус аяз болады. Сонымен қатар ауа райының жайсыздығына байланысты бірқатар тас жол жабылды. "Қазақавтожол" РМК мәліметтері бойынша Жамбыл және Оңтүстік Қазақстан жолдарындағы қозғалысқа шектеу қойылды, сонымен қатар Алматы облысындағы Үшарал-Достық автожолы жабылды.

 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 448.12   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети