04 мамыр 2016 11:47

Қазақстанның бірқатар облысында жаңбыр жауып, найзағай ойнайды

ПОДЕЛИТЬСЯ

© Kurer-sreda.ru © Kurer-sreda.ru

Алдағы күндері еліміздің бірқатар өңірінде жауын-шашын күтіледі, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Қазгидромет" кәсіпорнына сілтеме жасап.


Алдағы күндері еліміздің бірқатар өңірінде жауын-шашын күтіледі, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Қазгидромет" кәсіпорнына сілтеме жасап.

"Алдағы үш тәулікте циклон және онымен байланысты атмосфералық фронттардың әсерінен Қазақстанның шығысында, оңтүстік-шығысында және оңтүстігінде найзағай ойнап, жауын-шашын болады. Оңтүстік-шығыстағы таулы аудандарда 7 мамыр күні қатты нөсер болуы мүмкін. Ал еліміздің басқа өңірлерінде атмосфералық қысым жоғары болады. Сондықтан да жауын-шашын күтілмейді. Дегенмен 7 мамырда Қазақстанның солтүстік бөлігіне Урал атмосфералық фронты енеді. Соның салдарынан бұл аймақта қысқамерзімді жауын жаууы мүмкін", - деді синоптиктер.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.22   490.7   4.76 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети