21 желтоқсан 2016 10:49

Қазақстанның бірнеше облысында жолдар жабылды

ПОДЕЛИТЬСЯ

© lada.kz © lada.kz

Қазақстанның бес облысында тас жолдар жабылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ҚР ІІМ ТЖК мәліметіне сілтеме жасап. 


Қазақстанның бес облысында тас жолдар жабылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ҚР ІІМ ТЖК мәліметіне сілтеме жасап. 

Жалғасы

Ақмола облысында желге байланысты "Астана-Щучинск" (18-230 шақырым) тасжолы мен "Астана - Теміртау" автожолы жабылған.

Қарағанды облысында "Алматы-Екатеринбург" (1051-1142 шақырым, Теміртау-Ақмола облысының шекарасы) барлық көлік түріне жолдар жабылған. Сондай-ақ "Жезқазған-Петропавл" (130-240 шақырым, Қарағанды облысының Ұлытау ауылының шекарасы) автожолы жабылды. 

Солтүстік Қазақстан облысында аязға байланысты барлық өңірге шығатын дизельмен жүретін қоғамдық және жүк көліктері үшін жолдар жабылды. 

Алматы облысында қатты желдің, боранның және көру мүмкіндігінің төмен болуына байланысты "Үшарал-Достық" (83-184 шақырым) автожолында барлық көліктер үшін жолдар жабылды. 

Қостанай облысында аязға байланысты кей жолдарда көлік қозғалысына шектеу қойылды: "Мамлютка-Қостанай"(180-252 шақырым, Ұзынкөл ауылы), "Екатеринбург-Алматы" (686-729 шақырым, Сарыкөл ауылы СҚО шекарасы) дизельмен жүретін қоғамдық және жүк көліктері үшін жолдар жабылды. 

Читайте также
Join Telegram
Тоқаев Қытайға барады

Валюта бағамы

 448.12   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети