19 желтоқсан 2015 12:13

Қазақстанның бірнеше облысында тас жолдардағы көлік қозғалысына шектеу қойылды

ПОДЕЛИТЬСЯ

© REUTERS © REUTERS

Қазақстанның бірнеше облысында қолайсыз ауа райына байланысты автокөлік қозғалысына шектеу қойылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Қазақавтожол" кәсіпорнына сілтеме жасап.


Қазақстанның бірнеше облысында қолайсыз ауа райына байланысты автокөлік қозғалысына шектеу қойылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Қазақавтожол" кәсіпорнына сілтеме жасап.

Ақмола облысында боран мен көру мүмкіндігінің нашарлауына байланысты Екатеринбург - Алматы (1280-1353 шақырым, Қызылжар бекеті учаскесінен Қарағанды облысының шекарасына дейін, Астана - Ерейментау - Шідерті тас жолында (16-205 шақырым, Астанадан Павлодар облысының шекарасына дейін) автокөліктің барлық түріне шектеу қойылды. 

Шығыс Қазақстан облысында Алматы - Өскемен (977-1073 шақырым, Қалбатау ауылы учаскесінен Қасым Қайсенов ауылына дейін), Өскемен - Шемонаиха - РФ шекарасы (108-123 шақырым, Шемонаихадан РФ шекарасына дейін) автокөліктің барлық түріне шектеу қойылды. 

Осыған ұқсас шектеу Қарағанды облысында Жезқазған - Петропавл тас жолында (24-252 шақырым, Сәтпаевтан Қостанай облысының шекарасына дейін) қойылды. Сонымен қатар, Екатеринбург - Алматы жолдарында (1353-1425 және 1492-1610 шақырым, Ақмола облысының шекарасынан Теміртауға дейін), Қарағандыдан Ақсу-Аюлы, Қызылорда - Павлодар учаскелерінде (970-1135 шақырым, Қарағандыдан Павлодар облысының шекарасына дейін) автокөліктің барлық түріне шектеу қойылды. 

Павлодар облысында Қызылорда - Павлодар автожолында (1135-1206 шақырым, Қарағанды облысының шекарасынан Шідерті ауылына дейін) автокөліктің барлық түріне шектеу қойылды. 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.44   490.7   4.77 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети