1. Басты
  2. Біл
  3. Жаңалықтар
  4. Ел жаңалықтары

Қазақстанның бірнеше өңірінде найзағай, бұршақ және дауыл болады04 маусым 2018, 16:13

© REUTERS © REUTERS

Ертең Қазақстанның бірнеше өңірінде қатты жел соғып, найзағай мен бұршақ болады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Қазгидромет" РМК-ға сілтеме жасап.

5 маусымда Батыс Қазақстан облысы бойынша сағат 08.00-ден сағат 20.00-ге дейін кей жерлерде оңтүстік-батыстан соғатын желдің жылдамдығы 15-20 м/с-ке күшейеді.

Оралда  күндіз батыстан, оңтүстік -батыстан соғатын желдің екпіні 18 м/с дейін күшейеді.

Солтүстік Қазақстан облысы бойынша оңтүстік-батыстан соғатын желдің күші 15-20 м/с, екпіні 23-28 м/с күтіледі. Кей жерлерде найзағай, дауыл болады, бұршақ болуы мүмкін. Түнде және таңертең кей жерлерде тұман болуы мүмкін.

Петропавлда оңтүстік-батыстан соғатын желдің күші 15-20 м/с, екпіні 23-28 м/с күтіледі. Найзағай, дауыл болады, бұршақ болуы мүмкін.

Ақмола облысында оңтүстік-батыстан жел соғады, күші кей жерлерде 15-20 м/с сақталады. Түнде кей жерлерде

Қостанай облысының кей жерлерінде оңтүстік-батыс желі, күші 18 м/с күтіледі.