21 қараша 2014 08:58

Қазақстанның ең таза және ең лас қалалары аталды

ПОДЕЛИТЬСЯ

©Gazeta.kz ©Gazeta.kz

Қазақстан қалаларының ішінде ауасы ең таза қала - Орал, ал Алматы ең лас қала атанып отыр. Мұндай тұжырымды "Уральская неделя" басылымы "Қазгидрометтің" 2013 жылғы мәліметіне сүйене отырып жасады.


Қазақстан қалаларының ішінде ауасы ең таза қала - Орал, ал Алматы ең лас қала атанып отыр. Мұндай тұжырымды "Уральская неделя" басылымы "Қазгидрометтің" 2013 жылғы мәліметіне сүйене отырып жасады.

Республикалық кәсіпорынның мәліметінше, Оралда ауаның ластану индексі нөлге тең, ал Алматы қаласында - 11,5 пункт. Басылым жарияланған инфографикадағы мәлімет бойынша, Екібастұз (1,8), Қостанай (2.0), Павлодар (2,4), Астана және Балқаш (2,9) қалаларында ауа қатты ластанбаған. 

Ауаның ластануы индексі бойынша әсіресе Алматымен қатар, Шымкент (8,6), Өскемен (7,6), Тараз (7,4), Қарағанды (7,0), Теміртау (6,9) және Жезқазған (6,5) қалалары қатты ластанған.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 445.66   490.7   4.78 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети