27 қазан 2014 12:29

Қазақстанның жаңа сейсмикалық картасы 2015 жылы дайын болады

ПОДЕЛИТЬСЯ

©REUTERS ©REUTERS

Қазақстанның жаңартылған сейсмикалық картасы 2015 жылы дайын болады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Бұл туралы Сейсмология институтының директоры Таңатқан Абақанов айтты.


Қазақстанның жаңартылған сейсмикалық картасы 2015 жылы дайын болады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Бұл туралы Сейсмология институтының директоры Таңатқан Абақанов айтты.

Сейсмикалық карта о баста кеңес дәуірінде жасалған, оның мәліметтері бүгінде ескірді. Жаңа сейсмикалық картаны құрастыруда он шақты ақпарат көзі пайдаланылады, соның ішінде, геологиялық барлау мәліметтері мен Жерді қашықтан зондтау спутниктерінің түсірілімдері бар. Картада соңғы он жыл ішінде көбіне техногенді сипаттағы күшті жер сілкіністерінің салдарынан пайда болған тектоникалық сызаттар көрсетіледі. Сонымен бірге, Атасу - Алашанькоу, Бейнеу - Шымкент сияқты ірі мұнай және газ арналары да картаға енетін болады.

Сейсмологтер ұзақ мерзімді (5-7 жылға арналған), орташа мерзімді (1 жылға дейін) және қысқа мерзімді (бір ай) болжамдар жасайды. Абақановтың айтуынша, 2010 жылдан бастап, бұл болжамдар үлкен ықтималдықпен дәл келіп жүр. Маман 2014 жылдың соңына дейін Қазақстанда жойқын жер сілкіністері болмайтынын айтты.

Салалық институт басшысының айтуынша, Алматының өз сейсмикалық картасы 2016 жылы дайын болады. Ол барлық халықаралық стандартқа сәйкес жасалады. Келешекте Талдықорған, Шымкент, Тараз қалаларының сейсмикалық картасын жасау жоспарланып отыр. 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.26   490.7   4.83 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети