15 желтоқсан 2014 17:47

Қазақстанның жұлдызы оңынан туған - Назарбаев

ПОДЕЛИТЬСЯ

©Тұрар Қазанғапов ©Тұрар Қазанғапов

Астанада "Астана Опера" театрында Қазақстан Президентінің қатысуымен ҚР Тәуелсіздігі күніне арналған салтанатты жиын өтті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Мемлекет басшысы ел азаматтарына сөз арнады. 


Астанада "Астана Опера" театрында Қазақстан Президентінің қатысуымен ҚР Тәуелсіздігі күніне арналған салтанатты жиын өтті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Мемлекет басшысы ел азаматтарына сөз арнады. 

"Біздің жаңа Қазақстанның жұлдызы оңынан туған. Біздің бәрімізді Тәуелсіздіктің ұлы рухы біріктіреді, сақтайды және мықты ете түседі. Бұл рух Қазақстанның ашық да шуақты аспанының астында жаңа туған әрбір сәбиге, еліміздің әрбір азаматына, әрбір отбасыға, жаңадан салынған әрбір үйге, әрбір қалаға, ауылға беріледі. Ол экономиканың өсімімен бірге, әрбір жаңа индустриялық жобамен бірге, Отанымыздың шексіз кеңістіктеріне салынған жаңа магистральдармен бірге, алқаптарымыздан жиналған алтын дәннің әрбір тоннасымен бірге нығая түседі. Тәуелсіздікті аңсаған біздің ата-бабамыз қасиетті жерімізді қанымен және терімен қорғай білді. Тәуелсіздік - әр азаматтың батыр ата-бабамыздың өсиеті бойынша Қазақстанды, өз туған үйін, Отанын қасық қаны қалғанша қорғаудағы берік шешімі", - деді Мемлекет басшысы. 

Президент азаматтарға әлемдегі тұрақсыз саяси ахуал мен ғаламдық экономикадағы қаржы дағдарысы туралы айтты. Бірақ Мемлекет басшысы дағдарыстың бір кездері аяқталатынын да айтып, сабырға шақырды. "Біздің еліміз, сіз бен біз жүргізіп отырған сыртқы және ішкі саясат халқымыздың даналығына негізделген, бұл даналық - барлық қазақстандықтың татулықты қолдауы мен бірлігі. "Қазақстан - 2050" стратегиясының, барлық отандық шешімнің даналығы. Ол - халқымыздың ар-намысы мен қонақжайлығының, бүкіл әлем бойынша достарымыз бен әріптестерімізге деген кеңпейілдігіміздің даналығы. Тәуелсіздік - жалпыға ортақ еңбек. Ғылымға ұмтылған оқушылар мен студенттердің еңбегі. Ұлттық дәулетімізді арттыруға септігін тигізетін барлық сала өкілдерінің еңбегі", - деген Мемлекет басшысы азаматтарды ел Тәуелсіздігінің 23 жылдығымен құттықтады. 

Бұдан соң "Астана Операда" концерт басталды. Шараны бүгін Астанада өткен ШЫҰ отырысына қатысушылар да тамашалады. 

Айта кетейік, бүгін Мемлекет басшысы 30-дан астам адамға мемлекеттік наградаларды табыс еткен еді. Тәуелсіздік күні қарсаңында мемлекеттік марапатқа барлығы 1,5 мың қазақстандық ие болды. 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.44   490.7   4.77 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети