09 қаңтар 2016 14:02

Қазақстанның Қарулы Күштері жауынгерлік әзірліктің жоғары дәрежесіне келтірілді

ПОДЕЛИТЬСЯ

© ҚР Қорғаныс министрлігі © ҚР Қорғаныс министрлігі

Бүгін, 2016 жылдың 9 қаңтарында Қазақстанның Қарулы Күштері жауынгерлік әзірліктің жоғары дәрежесіне келтірілді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ҚР Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.


Бүгін, 2016 жылдың 9 қаңтарында Қазақстанның Қарулы Күштері жауынгерлік әзірліктің жоғары дәрежесіне келтірілді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ҚР Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Өткізілетін сабақтардың басты мақсаты белгіленген мерзімде қойылған тапсырмаларды орындауда басқару органдары мен жеке құрамның іс-қимыл үйлесімін арттыру болды.

Бас штабтың тапсырмасы бойынша Құрлық әскерлерінің топтамасы оқу-жаттығу орталықтары мен полигондарда оқу-жауынгерлік тапсырмаларды орындауға кірісті. Әуе қорғанысы күштерінің құрамынан әуеге жауынгерлік кезекшілікті атқаратын күштер мен құралдар көтерілді, әртүрлі типтегі авиациялық техника қозғалтқыштарының іске қосылуы жүзеге асырылды, қосалқы әуеайлақтар пайдалануға дайындалды. Корабльге қарсы, әуеге қарсы диверсиялық қорғаныс бойынша оқу тапсырмаларын пысықтау үшін теңізге Әскери-теңіз күштерінің корабльдері шығарылды.

Қарулы Күштердің топтамасын жалпы басшылыққа алу Стратегиялық басқару орталығынан ҚР Қорғаныс министрінің бірінші орынбасары - ҚР ҚК Бас штабының бастығы генерал-полковник Сәкен Жасұзақовпен жүзеге асырылды.

Еске салайық, өткен жылы желтоқсанның соңында ҚР Қорғаныс министрлігінің басшылық құрамымен кездесу кезінде ҚР Қарулы Күштерінің Жоғарғы Бас Қолбасшысы Нұрсұлтан Назарбаев әскери қызметшілерге қарулы шиеленістердің жаңа үрдістері мен ерекшеліктерін ескеру, осы жылы іске асырылатын кәсіби, жауынгерлік және моральдық-психологиялық дайындықты арттыру жөнінде ұдайы жұмыс жүргізу тапсырмасын жүктеген еді.

Қарулы Күштердің жауынгерлік даярлығының деңгейін сапалы арттыру үшін 2015 жылы 170-тен аса жоспарлы тексеріс өткізілді. Оның ішінде 71-і Құрлық әскерлерінде, 17-сі Әуе қорғанысы күштерінде, біреуі Әскери-теңіз күштерінде өтті.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.22   490.7   4.76 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети