27 наурыз 2014 20:05

Қазақстанның Кедендік бақылау комитетінде бірқатар басшылар ауысты

ПОДЕЛИТЬСЯ

Тengrinews.kz иллюстрациясы Тengrinews.kz иллюстрациясы

ҚР Қаржы министрлігі Кедендік бақылау комитеті төрағасының бұйрығымен бірқатар тағайындаулар болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ҚР Қаржы министрлігі Кедендік бақылау комитетінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.


ҚР Қаржы министрлігі Кедендік бақылау комитеті төрағасының бұйрығымен бірқатар тағайындаулар болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ҚР Қаржы министрлігі Кедендік бақылау комитетінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"ҚР Қаржы министрлігі Кедендік бақылау комитеті төрағасының бұйрығымен Алматы облысы бойынша кедендік бақылау департаменті басшысының орынбасары міндетін атқарушы қызметіне Қайрат Бараншинов тағайындалды.  Осыған дейін ол Павлодар облысы бойынша кедендік бақылау департаменті басшысының орынбасары лауазымын атқарған болатын. Сонымен қатар Жамбыл облысы Кедендік бақылау департаменті "Қордай" кеденінің басшысы қызметінен Ержан Абдрахманов босатылды. Ол комитеттің қарауында қалдырылды", - делінген хабарламада.

Баспасөз қызметінің хабарлауынша, Жамбыл облысы Кедендік бақылау департаменті "Қордай" кедені басшысының міндетін атқарушы болып Тұрсынбек Ермеков тағайындалды. Ол бұған дейін ШҚО бойынша департаменттің "Бақты" кеденінде басшылық еткен.

Бұдан бөлек, Алматы облысы бойынша кедендік бақылау департаментінің "Қорғас" кеденінің басшысы қызметінен Совет Жүнісбеков босатылды. Ол да комитеттің қарауында қалдырылды. "Бұл кеденге басшының міндетін атқарушы болып Нұрлан Әзімбаев тағайындалды. Осыған дейін ол "Достық" кеденінде басшы лауазымында болған", - делінген хабарламада.

Ал "Достық" кедені басшысының міндетін атқарушы қызметіне Мәлік Шайғалиев тағайындалды. Бұл қызметке дейін ол "Қордай" кеденінің "Қордай-кедендік рәсімдеу орталығы" кедендік бекетінің басшылығында болған.

 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.78   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети