Tengri FM Радиосы Радио Жұлдыз FM Қазақстан заңдары Экономика сабақтары
KZ RU EN
Бізге жазба жолдау +7 (727) 388 8124
искать через Tengrinews.kz
искать через Google
искать через Yandex
USD / KZT - 333.08
EUR / KZT - 391.50
CNY / KZT - 50.00
RUB / KZT - 5.64

Қазақстанның қосымша атауы пайда болуы мүмкін

02 Шілде 2015, 17:48
0
© Tengrinews.kz
© Tengrinews.kz

Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстанға брендтің қажеттілігін айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Біз басқалардан ерекшеленуіміз керек. Мысалы, Францияны әйелдерге арнап шығаратын әтірлері және жақсы шараптары арқылы бәрі біледі. Жапондар уылдырық жемейтін қазаққа шикі балық жегізді. 20 жыл бұрын қазақтар қашан шикі балық жеген еді? Нидерланды - қызғалдағымен. Біз бұл елдерді басқа жақтарынан емес, дәл осы ерекшеліктері арқылы білеміз. Неге бізге бұл туралы ойланбасқа?", - деді Президент телекөпір барысында. Ол 10 жаңа нысанды іске қосты.

Назарбаев жақын арада Миландағы көрмеде болғанын, онда қазақстандық апортты таныстырғанын айтып өтті. "Мен Миланда болдым, олардың бағдарламалары тамаққа негізделген. Біздің аграрлық қызметкерлер салмағы 1 келі болатын апортты көрсетті. Барлығы шын ба, жасанды ма деп бізді айналшықтап жүрді. Қазақстанның алманың атасы екенін барлығы біледі. Қазақстаннан қазір Нигерияда, Мороккода өсіріліп, әлемге сатылып жатқан қызғалдақ шыққан. "Біз тас пен құмнан тұратын Израильдің құлпынайын жеп отырмыз", - деді ол.

"Бізге жасампаз, жаңа ойлар жетіспейді. Адамда әуелі идея туындайды, кейін әлемде не барын Архимед сияқты ойлана бастайды. Сосын өндіріске кіріседі. Бізге мұндайды Леонардо да Винчи үйретті. Біз неліктен ғылымды дамытып, университетер мен мектептерден дарындарды іздейміз? Мен жастарға жаңа нәрсе табуға кеңес беремін", - деді Назарбаев.

Оның айтуынша, қазақстандық бренд жасау керек.

"Біз қандай да бір қазақстандық бренд ойластыруымыз керек. Жапония Күншығыс елі, Корея таңғы балғындық елі, Нидерланды - қызғалдақтар елі, Қытай- аспанасты елі атанған. Шексіз далада, мәңгілік көк аспанда біздің ата-бабамыз өмір сүрген. Тәңір - аспан. Жасыл дала мен көк аспан біздің Туымызда да бейнеленген. Біз ұлы даланың балаларымыз. Дәл осы ұранмен және жаңа брендпен біз Қазақстанды әлемге танытуымыз керек", - деді Назарбаев.


Нравится
Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай