06 сәуір 2016 15:35

Қазақстанның мемлекеттік қызмет істері вице-министрі тағайындалды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Нұрлан Ыбырайым. © plus.google.com Нұрлан Ыбырайым. © plus.google.com

Қазақстанның мемлекеттік қызмет істері вице-министрі тағайындалды. Нұрлан Ыбырайымды мемлекеттік қызмет істері министрі Талғат Донақов ұжыммен таныстырды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ведомствоның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ыбырайым Инна Ахметованың орнына келді. "2016 жылдың 5 сәуірінде Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысымен Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызмет істері вице-министрі Ахметова И.М. өз қалауымен қызметінен босатылды", - делінген хабарламада.

Ыбырайым 1973 жылы 25 тамызда дүниеге келген. Қырғыз мемлекеттік университетін тәмамдаған. Кей жылдары Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Тіркеу қызметі комитет төрағасының орынбасары, Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің Аппараты басшысының орынбасары, "Нұр Отан" ХДП-ның Орталық аппараты Басшысының орынбасары, Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Ғылым комитетінің төрағасы болды.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.77   490.7   4.81 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети