Қазақстанның сауда орындары бір жылда 500 рет өртенеді

17 Наурыз 2014, 13:43
0
Қазақстанның сауда орындары бір жылда 500 рет өртенеді - Фото dknews.kz сайтынан
Фото dknews.kz сайтынан
Қазақстанның сауда орындарында бір жылда 500-ге жуық өрт оқиғасы тіркеледі, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі төтенше жағдайлар министрі Владимир Божкоға сілтеме жасап.

"Біз соңғы үш жылда сауда нысандарында болған өрт оқиғаларына сарапатама жасап шықты. Оған сәйкес, бір жылда болатын өрт оқиғаларының саны 500-ге дейін жетеді", - деп атап көрсетті бүгін бас прокуратураның өрт қауіпсіздігі мәселесіне арналған кеңесте В.Божко.

Оның хабарлауынша, өткен жылы 230 сауда орындарында тексеріс жүргізілді. Соның нәтижесінде біраз азаматтар әкімшілік жауапкершілікке тартылып, жүздеген базарды жабу туралы сот шешімі шыққан. Ал қазіргі статистикаға сәйкес, 2011 жылы еліміздің сауда орындарында 490 өрт оқиғасы тіркелсе, 2012 жылда оның көрсеткіші 497-ге жеткен. Алайда 2013 жылы 475-ке дейін азайды.

  • Подписаться на канал новостей TengriNews:

  • Google News
  • Yandex News
  • Yandex Zen

Нравится Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай