03 сәуір 2014 15:41

Қазақстанның сенімді жұмыс берушілері анықталды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото gooddayrussia.ru сайтынан Фото gooddayrussia.ru сайтынан

Бүгін  Астанада үздік жұмыс берушілерді анықтауға арналған "Сенім - 2014" байқауының қорытындысы шығарылды, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 


Бүгін  Астанада үздік жұмыс берушілерді анықтауға арналған "Сенім - 2014" байқауының қорытындысы шығарылды, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

Қазақстанның HR-менеджерлері қауымдастығы үйлестіруші кеңесінің төрайымы, "Самұрық-Қазынаның" адам ресурстарын басқару департаментінің директоры, байқаудың сарапшылар кеңесінің мүшесі Гүлмира Раисованың айтуынша, "Сенім" конкурсына қатысуға ниет білдіріп жатқан жұмыс берушілердің саны жыл санап артып келеді.  "Биыл 100-ден астам өтініш түсті. Осыдан 4 жыл бұрынғы одан 2 есе аз болған", - дейді ол. 

Сонымен, байқаудың «Ең озат ұлттық жұмыс беруші компания» аталымы бойынша 1-ші дәрежелі сыйлықты "Электр желілерін басқару жөніндегі Қазақстан компаниясы" (KEGOC) иеленді. Бұдан бөлек, "Ең озат ұлтаралық жұмыс беруші компания" - "Кар-Тел» ЖШС ("Beeline" сауда маркасы), "Әлеуметтiк әрiптестiктiң ең үздiк жобасы" аталымы бойынша "Маңғыстаумұнайгаз" компаниясы жеңiмпаз атанса, Павлодар мұнай-химия зауыты "Ең үздiк HR жоба" сыйлығына ие болды.

Сондай-ақ, "Ең озат халыққа қызмет көрсету саласындағы компания" атағын Инновациялық еуразиялық университет және "Сбербанк" иеленсе, "Жол жөндеушi" мен "Орталық" компаниялары "Ең озат өндiрiстiк жұмыс берушi компания" атанды. 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.77   490.7   4.81 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети