20 маусым 2014 12:15

Қазақстанның сыртқы қарызы 150 млрд долларды құрады

ПОДЕЛИТЬСЯ

©Тengrinews.kz ©Тengrinews.kz

Бүгін Парламент палаталарының бірлескен отырысында Премьер-министрдің орынбасары - қаржы министрі Бақыт Сұлтанов Қазақстанның сыртқы қарызын азайту мақсатында қандай жұмыстардың атқарылып жатқанын жеткізді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.


Бүгін Парламент палаталарының бірлескен отырысында Премьер-министрдің орынбасары - қаржы министрі Бақыт Сұлтанов Қазақстанның сыртқы қарызын азайту мақсатында қандай жұмыстардың атқарылып жатқанын жеткізді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.

"Ұлттық банктің мәліметіне сәйкес, Қазақстанның сыртқы қарызы 148,8 миллиард АҚШ долларын құрады. Осы қарызды төмендету үшін Үкімет нендей шараларды қолға алып жатыр? Осы көрсеткіш бойынша Қазақстан қай орында өзі?", - деп сұрады Мәжіліс депутаты Айгүл Нұркина.

Министрдің айтуынша, бүгінде Қазақстанның жалпы сыртқы қарызы 150 милиард долларды құрап отыр. "Соның басым бөлігі - ірі инвестициялық жобаларға (сырттан - авт.) тартылған қаражат. Шамамен, 60 миллиард - квазимемлекеттік саланың қарызы, қалғаны - банктердің берешегі. 2007-2008 жылдары дағдарысқа қарсы іс-шаралар аясында олардың қарызы қайта құрылымдаудан өтті. Содан бері банктердің берешегі азайып келеді. Өткен жылдың соңында бюджеттік саясаттың жаңа тұжырымдамасы қабылданған болатын. Оған сәйкес, 2020 жылға қарай квазимемлекеттік сектордың қарызы 20 пайызға азаюы тиіс. Ал рейтингке келер болсақ, соңғы екі жыл бойы біз 148 мемлекеттің ішінде 14-орынға ие болып келеміз", - деп жауап берді Сұлтанов.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 448.12   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети