Tengri FM Радиосы Радио Жұлдыз FM Қазақстан заңдары Экономика сабақтары
KZ RU EN
Бізге жазба жолдау +7 (727) 388 8124
искать через Tengrinews.kz
искать через Google
искать через Yandex
USD / KZT - 332.80
EUR / KZT - 390.57
CNY / KZT - 49.88
RUB / KZT - 5.60

Қазақстанның тікұшақшылары "Авиадартста" үшінші орынды еншіледі

08 Тамыз 2016, 14:21
0
© ҚР Қорғаныс министрлігі
© ҚР Қорғаныс министрлігі

Ресейдің Рязань облысының "Дубровичи" полигонында "Авиадартс - 2016" ұшу экипаждарының халықаралық байқауы аяқталды. Сайыстың үздіктері қатарында қазақстандық тікұшақшылар. Олар құрметті үшінші орынды еншіледі, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ҚР Қорғаныс министрлігінің сайтына сілтеме жасап.

"Жерүсті нысаналар бойынша жауынгерлік қолдану" сайысының соңғы кезеңі шеңберінде ұшқыштар межелердің әртүрлі үлгілері бойынша зымыран-зеңбіректік және бомбалық қару-жарақты жауынгерлік қолдануға сынақ ұшуларды орындады. Қазақстанның командалары арасында армиялық авиацияның ұшқыштары – Ми-171Ш тікұшақтарындағы екі экипаж бәрінен жақсы өнер көрсетті. Бірінші экипаждың құрамында буын командирі капитан Григорий Кондратюк, ұшқыш-штурман аға лейтенант Абай Боранбаев және борт технигі капитан Александр Куценко.

Екінші экипаждың құрамында экипаж командирі капитан Алмас Тағаев, штурман лейтенант Сергей Кондратюк пен борт технигі капитан Рауан Атанбұзов. Дәл осы ұшқыштар шешуші сәтте жұдырықтарына барлық күш-жігерлерін жинап, толқыныс пен сезімді артқа тастап және сәттілікке жетуге бет алып, бағдарламаның барлық түрлерінде жақсы нәтижелер көрсетуге тырысып бақты.

 

Сондай-ақ, "Дубровичи" полигонындағы байқаудың соңғы кезеңі барысында Ресей Федерациясы Әуе-ғарыш күштері ұшқыштарының қатысуымен "Авиамикс" авиациялық шоуы өтті. Су жаңа жойғыштар, бомбалаушылар мен тікұшақтардың 70-тен аса экипажы әуе дуэльдерін ойнатып, жерүсті нысаналар бойынша авиациялық зымырандардың іске қосылуын жүзеге асырды, әуе межелерінің қағып алынуын, ауыр жүктердің дәлдікке лақтырылуын пысықтады, сондай-ақ, жеке дара және топ құрамында жоғары пилотаж фигураларын паш етті. Көк аспанға Су-27, "Стрижи" (МиГ-29), "Крылья Тавриды" (Як-130), "Соколы России" (Су-30СМ) ұшақтарында, "Беркуты» на вертолётах Ми-28Н" тікұшақтарында "Русские Витязи" пилотаж топтары қалқыды, ал жеке дара пилотажды Ка-52 мен Ми-26Т тікұшақтарының экипаждары орындады.

"Авиадартс" байқауы Армия халықаралық ойындары - 2016 шеңберінде өтуде. Оған Қазақстан, Ресей, Қытай және Беларусьтің ұшқыштары қатысуда. Сайыста Су-25, Су-27, МиГ-29 ұшақтары мен Әскери-әуе күштері Ми-171Ш тікұшақтарының ұшу және инженерлік-техникалық құрамдары еліміздің намысын қорғады.

"Әуе хас шеберлер" пилотаждау, дәл оқ ату мен бомба лақтыру шеберлігінде, сондай-ақ, спорттық алаңдарда сайысқа түсті. Одан басқа, биылғы жылы нысаналар үлгілерінің саны екі есеге ұлғайтылғанын айта кеткен жөн.


Нравится
Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай