Қазақстанның Ұлттық брендін анықтау жөніндегі байқаудың мерзімі ұзарды

28 Қазан 2016, 12:10
0
Қазақстанның Ұлттық брендін анықтау жөніндегі байқаудың мерзімі ұзарды -

ҚР ақпарат және коммуникация министрі Дәурен Абаев Facebook желісіндегі ресми парақшасында Қазақстан Республикасының Ұлттық брендін анықтау жөніндегі байқаудың мерзімі ұзартылғанын мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Қымбатты достар! Азаматтардан өтініштердің көптеп түсуіне байланысты, Ұлттық брендті анықтау жөніндегі байқаудың ұйымдастыру комитеті дауыс беруді тағы 10 күнге, 12-ші қарашаға дейін ұзарту жөнінде шешім қабылдады. Жұмыстарды қабылдау кезеңінде де мерзімнің ұзартылғаны белгілі. Барлық өтінімнің 70%-ы осыдан кейін келіп түскен болатын. Қазірдің өзінде 66 мыңнан астам адам дауыс беріп үлгерді.Осы орайда, Байқауға қатысты журналистер мен интернет қолданушылардан түскен кейбір мәселелерге тоқталып өткім келеді", - деп жазды министр.

Сонымен қатар, министр байқауға тек кәсіби дизайнерлерді қатыстыру керек еді деген пікірлердің болғанын жазды. "Қандай да бір шектеу қою байқаудың халықтық сипатта өтуін қолдағандардың көңілінен шықпауы мүмкін. Біз осындай қадамға бармағанда, бүгінгідей алуан түрлі жұмыс келіп түспейтін еді. Күні ертең елімізде де, сонымен қатар, сырт елдерде де қолдануға лайықты брендті таңдау аса маңызды болғандықтан, біз қазақстандықтардың өздеріне тікелей қатысуға да, үздік жұмысты таңдауға да мүмкіндік беріп отырмыз. Идеяларды іріктейтін Сарапшылар кеңесіне, яғни екінші кезеңге кемінде 5 жұмыс жіберіледі. Демек, олардың саны 10 болуы да, 20 болуы да мүмкін. Бұл - үміткерлердің көпшілігінің жеңімпаз атану үшін бәсекелесуге мүмкіндігі бар деген сөз", - деп жазды Дәурен Абаев.

Министрдің айтуынша, соңғы аптада министрліктің атына байқау мерзімін ұзарту жөнінде көптеген өтініш түсіпті. Олардың көпшілігі байқау туралы дер кезінде естіп үлгермегенін алға тартқан. Министрлік осы орайда көпшіліктің ұсыныс-тілегін ескергенді жөн көрген екен.

Естеріңізге сала кетейік, байқау ағымдағы жылдың 31 тамызында басталған. Конкурсқа ешқандай шектеусіз барлық қалаушылар қатысты.


  • Подписаться на канал новостей TengriNews:

  • Google News
  • Yandex News
  • Yandex Zen

Нравится Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай