20 ақпан 2015 10:32

Қазақстанның Ұлыбританиядағы елшісі Елизавета ІІ патшайымға сенім грамотасын тапсырды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Ұлыбритания патшайымы Елизавета ІІ мен Қазақстанның Ұлыбританиядағы елшісі Ержан Қазыханов. ©ҚР СІМ баспасөз қызметі Ұлыбритания патшайымы Елизавета ІІ мен Қазақстанның Ұлыбританиядағы елшісі Ержан Қазыханов. ©ҚР СІМ баспасөз қызметі

Букингем сарайында Қазақстанның Ұлыбританиядағы елшісі Ержан Қазыханов Елизавета ІІ патшайымға сенім грамотасын тапсырды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ҚР Сыртқы істер министрілігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Рәсім кезінде елші Ержан Қазыханов патшайымға Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың сәлемін жеткізді.

"Сұхбат барысында Қазақстан елшісі екіжақты саяси, экономикалық, білім беру және мәдени қарым-қатынастардың дамуының жоғары қарқынын атап өтті. Бұған көбінесе Қазақстан Республикасы мен Ұлыбритания арасында жоғары деңгейде қол жеткізілген стратегиялық серіктестік жөніндегі уағдаластықтар септігін тигізіп отыр", - делінген хабарламада.

Елизавета ІІ екі ел арасындағы байланыстарды нығайтудың және кеңейтудің маңызына тоқталды. Ол Нұрсұлтан Назарбаевтың басшылығымен Қазақстанның жүйелі дамып келе жатқанын атап өтті. Патшайым Елизавета ІІ Ержан Қазыхановты жауапты миссиясымен құттықтап, оған жаңа қызметте сәттілік тіледі.

Еске салайық, Ержан Қазыханов 2014 жылдың қыркүйек айында Қазақстанның Ұлыбританиядағы және Солтүстік Ирландиядағы елшісі болып тағайындалған еді. Бұған дейін ол ҚР Президентінің көмекшісі болды. Ал оның алдында Қазақстанның Сыртқы істер министрлігін басқарды. 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.22   490.7   4.76 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети