1. Басты
  2. Біл
  3. Жаңалықтар
  4. Ел жаңалықтары

Қазақстанның үш облысында дауыл тұратыны хабарланды

© Тұрар Қазанғапов © Тұрар Қазанғапов

Қазақстанның үш облысында дауыл тұратыны хабарланды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ҚР ІІМ ТЖК-ға сілтеме жасап. 

Төтенше жаңдай комитетінің мәліметі бойынша, Ақмола, Солтүстік Қазақстан, Павлодар облыстарында секундына 30 метр жылдамдықпен жел соғады. Астанада да қатты жел болады. 

"28 күндіз, 29 қарашада тәулік бойы Ақмола, Солтүстік-Қазақстан, Павлодар облыстарында 15-20 м/с оңтүстік-батыстан соққан жел сақталуда, екпіні 23-28 м/с, кей жерлерде 30 м/с жетеді. Кей жерде бұрқасын.
Астана қаласы: 28 күндіз, 29 қарашада тәулік бойы 17-22 м/с оңтүстік-батыстан соғады", - делінген ведомствоның Facebook-тегі ресми парақшасында. 

Мқның алдында Қазақстанның басым аумағында күн жылынатыны хабарланған болатын.