Қазақстанның үш облысында қолайсыз ауа райына байланысты ескерту жарияланды

14 Желтоқсан 2018, 16:59
0
Қазақстанның үш облысында қолайсыз ауа райына байланысты ескерту жарияланды - © stormnews.ru
© stormnews.ru

Қазақстанның үш облысында қолайсыз ауа райына байланысты ескерту жарияланды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Қазгидромет" РМК өкілдеріне сілтеме жасап.

15-17 желтоқсанда Қызылорда облысының кей жерлерінде тұман сақталады.

15 желтоқсанда Түркістан облысының кей жерлерінде тұман сақталады. Кей жерлерде оңтүстік-батыстан 15-20, екпіні секундына 23 метр желдің күшеюі күтіледі. Шымкент қаласында 15 желтоқсанда таңертең және күндіз  оңтүстік-батыстан секундына 15-20 метр желдің күшеюі күтіледі. Түркістан қаласында 15 желтоқсанда оңтүстік-батыстан секундына 15-20 метр желдің күшеюі күтіледі.

15 желтоқсанда Қостанай облысының кей жерлерінде бұрқасын, тұман, көктайғақ, оңтүстік-шығыстан соққан жел батысқа ауысады, секундына 15-20 метр күтіледі.

Кейінірек Қазгидромет 15 желтоқсанда ескерту жарияланғаны туралы хабарланды. Өңірде кей жерлерде тұман түсіп, көктайғақ болады. 

Сондай-ақ, 15 желтоқсанда Батыс Қазақстан облысы бойынша кей жерлерде жауын-шашын жауып, бұрқасын, қатты көктайғақ күтіледі. Орал қаласында 15 желтоқсанда жауын-шашын жауып, бұрқасын, қатты көктайғақ күтіледі.

Еске салайық, 15-19 желтоқсан аралығында синоптиктердің мәліметінше, еліміздің басым бөлігінде көктайғақ пен тұман сақталады.

Получить короткую ссылку


  • Подписаться на канал новостей TengriNews:

  • Google News
  • Yandex News
  • Yandex Zen

Нравится Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай