17 шілде 2015 12:03

Қазақтың жазба мәдениетіне қатысты жаңа деректер пайда болды

ПОДЕЛИТЬСЯ

© oguz-news.net © oguz-news.net

Қазақтың жазба мәдениеті бұрынғы болжамдардан да көне болып шықты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Бұл туралы ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің мәдениет және өнер істері жөніндегі директоры Ақтоты Райымқұлова Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихаты барысында мәлімдеді.

"Дешті-Қыпшақ. Құпия таңбалар" фильмімен жұмыс істеу барысында түсірілім тобы Арменияда болды, кинолентаның басым бөлігі сол жақта түсірілді. Біз ол жақтың жергілікті кітапханаларынан жазба дереккөздерін таптық, олардың жазбасы армян графикасымен көне қышпақ тілінде жазылған. Жазбаларды зерттеп, біз олардың XIV ғасырдан бұрын пайда болған деген тұжырымға келдік. Бұл біз үшін күтпеген жағдай болды", - деді ол.

Оның айтуынша, осылайша қазақ халқының бұрын айтылғандай, жазба мәдениеті жаңадан құрылған емес, баспасы көне халық болып есептеледі. Оның ойын "Дешті-Қыпшақ. Құпия таңбалар" фильмінің режиссері Бақыт Қайырбеков те құптады. 

"Қыпшақ тілі ғасыр бойы батыс және шығыс мәдениетін таратушы болды. Балқаштан Дунайға дейінгі шексіз далаларда сәтті қатынасу үшін Азияда сапар шегуші еуропалықтарға оны білу міндетті шарт болды", - деді ол.

Читайте также
Join Telegram
Тоқаев Қытайға барады

Валюта бағамы

 448.12   483   4.85 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети