24 қыркүйек 2014 08:32

Қазақтың жерін Ресейге тартатын экстремистерді қалай жазалаймыз?

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алаш айнасы иллюстрациясы Алаш айнасы иллюстрациясы

"Вконтакте" әлеуметтік желісінде ел арасына ши жүгіртуші "Солтүстік Қазақстан – бұл орыстың жері" атты даулы топ қайтадан бой көрсетті. Алдында жарты ай бойына ғаламтордағы қазақстандықтардың ашу-ызасына тиіп көзге көрінген оларды еліміздің құзырлы мекемесі экстремистік топ деп танып, әлеуметтік желіден алдырып тастаған. Алайда бұл шара тиімділік танытпады. Сонда қайтпек керек?.. "Алаш айнасы" сұрастырған мамандар ақпарат айдынындағы бос кеңістікті толтыруды мемлекет өз қолына алмайынша, оған өзгелер емін-еркін бас сұғып, қауіпсіздігімізге қатер төндіре береді деп санайды.

Қазақстанның солтүстігін аннексиялауды уағыздаушы "Солтүстік Қазақстан – бұл орыстың жері" атты экстремистік топ 13 тамызда "Вконтакте" әлеуметтік желісінен жойылған болатын. Бұған ғаламтордағы осы арандатушы топ үстінен бас прокурор атына бірқатар қазақстандықтың шағымдануы ықпал еткен. Осы негізде ҚР Байланыс және ақпараттандыру агенттігі "Вконтакте" әкімшілігіне қысқа мерзім ішінде әлгі әпербақан топты өз кеңістігінен жоюды сұрап, хат жолдаған. Келесі тарап бұл өтінішті бірден қанағаттандырған. Сөйтіп ел ішіне іріткі салушы виртуальдық жауды ауыздықтағандай боп едік. Бірақ отандық "Курсив" газеті бүгіндері өзінің Ресейдің әр қаласындағы ақпарат көздеріне сілтеме жасауда әлгі экстремистік топтың ғаламторда әлі жұмыс істеп жатқанын нақтылап отыр. Өзін ұлтшыл деп атаған әлдебір Влад Котов ресейліктер арасында әлі экстремизмнің "дәнін" сеуіп жүрген боп шықты. Сөйтсек атышулы топқа Қазақстан территориясында ғана тыйым салыныпты. Ал Ресейде бұл топтың ақпараты ашықтан ашық жарияланып жатыр. "Вконтакте" әкімшілігіндегілердің түсіндіруінше, аты аталған контентті ауыздықтауға РФ Байланыс, ақпараттық технологиялар және бұқаралық коммуникациялар саласын қадағалаушы федеральдық қызмет қана қауқарлы. Бірақ олар бұл ретте үнсіздік танытқан. Сол секілді "Роскомнадзор" оны Ресей территориясындағы экстремистік топтар қатарына жатқызбаған, сондықтан "Вконтакте" өз желісіндегі "Солтүстік Қазақстан – бұл орыстың жері" атты қауымдастықты жоюға мүдделі де емес көрінеді. Міне, осылайша ел ішінде тыйым салынса да жырақтан еліміздің тұтастығына нұқсан келтірушілер өз насихатын ашықтан ашық дөңгелетіп жатыр. Бәрінен қиыны, заңгерлер нақтылағандай, біз оларды жауапқа тарта алмайды екенбіз. Сонда олардың осылайша Қазақстанды сырттан өз бетімен меншіктеуіне жол беріп, қарап отыра беруіміз керек пе?..

Саясаттанушы Дос Көшім бұл ретте орыс ұлшылдарын қазақтың ұлтшылдығын ояту ісіне ұтымды пайдалануға ғана болатындығын айтады.

Дос Көшім, саясаттанушы:
– Қазақстан бөтен елдің адамдарын жазалай алмайды. Жалпы, қазақ жеріне көз сатып, оны орыстікі деп сайраған бұл бірінші жайт емес. Әсіресе, КСРО тараған кезде осындай әңгіме Ресей тарапынан өте көп айтылды. Оған құлағымыздың еті үйреніп те барады. Бірақ мұндайда алақан жайып, жәй қарап отыруға болмайды.

Материалдың толық нұсқасын "Алаш айнасынан" оқи аласыздар...

Как вам дизайн сайта Tengri News?
Пройти опрос
Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 449.3   483   4.85 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети