Қазақстандық дәрігерлер халық арасындағы семіздік проблемасына алаңдаушылық танытып отыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Қазақстандық дәрігерлер халық арасындағы семіздік проблемасына алаңдаушылық танытып отыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
ОКҚ-да өткен брифингте дәрігерлер семіздік проблемасының кең таралғанын мәлімдеп, қазақстандықтарға семіздікпен айналысатын бариатриялық хирургия туралы ойланып, дұрыс тамақтану мәдениетін сақтауға кеңес берді.
Қазақстанда артық салмақтың таралу деңгейі орташа есеппен әйелдер арасында 30,6 пайызға, ал ерлер арасында 36,8 пайызға жетті, сонымен қатар, семіздіктің таралу деңгейі орташа есеппен 27,6 пайыз - әйелдерде, 15,9 пайыз - ер адамдарда. Мамандардың айтуына қарағанда, адам өміріне қауіп төндіретін семіздікті хирургиялық жолмен емдеу жаңа әрі дамыған сала болып отыр. Сарапшылардың айтуынша, олар бұл мәліметтерді тіркейді және бүгінгі таңда біздің елдегі семіздік мәселесі індетке айналып барады.
"(...) Семіздіктің 85 пайызында ғана хирургиялық жолмен араласу тиімді, ал бес пайызында консервативтік немесе хирургиялық емес ем қолдану керек. (...) Бірқатар жағдайда емделушілердің халі мен өмір сүру сапасын жақсарту үшін операция жасауға мәжбүр боламыз. Біз қазір семіздікті емдеудің барлық халықаралық стандарттарын қабылдадық", - деді медицина ғылымдарының докторы, профессор Орал Оспанов ОКҚ-да өткен брифингте.
Оның мәлімдеуінше, операциялар адамның келбетін ғана емес, оның әлеуметтік бейімделуін де өзгертеді. Оспанов мысал ретінде бір оқиғаны келтірді - 22 қыркүйекте шетелдік хирургтардың бірі Астанада қант диабетіне шалдыққан, дене салмағының индексі 50-ге (яғни семіздіктен асып түскен) тең пациентке операция жасайды. "Оған дәрілер көмектеспейді. Бұдан әрі оның табандарында гангрена пайда болып, көзі көрмей, бүйрек жетіспеушілігі болуы мүмкін. Бұл косметология емес, хирургия. Ол бірінші кезекте денсаулықты жақсартуға бағытталған", - деді ол. Алдағы уақытта бұл операция бүкіл Қазақстанға таралатын болады.
"Біздің уақытымыз бола бермейді, сол үшін жылдам бірдеңе жеу керек, сэндвич, фаст-фуд, сөйтіп жұмысты жалғастырамыз. Сонымен қатар, балалар арасындағы семіздік те көбейіп келеді, бұл үлкен проблема. Бірінші кезекте тамақтану мәдениетін өзгерту керек, балабақшадан, сәби кезден бастап", - деді ол.
Өз кезегінде медицина ғылымдарының докторы Алмантас Маляцкас фаст-фудтан бас тартып қана қоймай, тағам мөлшерін бақылап отыру керек екенін мәлімдеді.
"Фаст-фуд одан әрі танымал болып келеді. АҚШ-та бұл проблема болып барады. Фаст-фудқа шектеу қоюға тырысу керек. Олардың балаларға әсері зор, себебі олар тамақтанудың бұл түріне қарсылық білдіре алмайды. Сонымен қатар, Қазақстанда адамдардың ұлттық асханада қаншалықты тамақ ішетініне де қарау керек. Себебі майлы тағам жеткілікті және адамдар оны тым көп мөлшерде жейді. Менің ойымша, салауатты өмір салты мен салауатты тамақтану туралы айту керек сияқты. Фас-фудтың күнделікті тағамға айналмауына тырысу керек. Адамдарды майлы тағамды аз жеуге үйретіп, физикалық белсенділігін арттыру қажет", - деді ол.