"ҚазАвтоЖол" ҰК" АҚ Басқарма төрағасы бұйрығымен Басқарма төрағасының орынбасары лауазымына Бауыржан Бишенов тағайындалды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі компанияның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
"ҚазАвтоЖол" ҰК" АҚ Басқарма төрағасы бұйрығымен Басқарма төрағасының орынбасары лауазымына Бауыржан Бишенов тағайындалды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі компанияның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Ол бұл қызметте Талғат Адуовтың орнына келді.
Адуов Талғат Мүбаракұлы, 2016-2017 жылдар аралығында "ҚазАвтоЖол" ҰК" АҚ Басқарма төрағасының орынбасары қызметін атқарған, бүгінде ҚР премьер-министр Кеңсесі Басшысының орынбасары қызметіне ауысуда. Мемлекеттік қызметте көп жылдық еңбек өтілі бар.
2002 жылы Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министірлігінің Инвестиция комитетінің инвестициялық жобаларды бақылау бөлімінің үшінші хатшысы. 2006 жылдан бастап Қазақстан Республикасы Сыртқы iстер министрлiгiнiң Халықаралық ұйымдар және көп жақты ынтымақтастық департаментінің бөлім басшысы, кеңесшісі, бірінші хатшысы.
2007-2015 жылдары Қазақстан Республикасы Президентінің Протоколы Бастығының орынбасары, сарапшысы, аға кеңесшісі, кеңесші қызметтерін атқарған.
2015 жылы Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің мемлекеттік бақылау және ұйымдастыру жұмыстары бөлімінің мемлекеттік инспекторы лауазымын атқарды. 2016 жылдың тамыз айынан бастап 2017 жылдың қыркүйек айына дейін "ҚазАвтоЖол" ҰК" АҚ Басқарма төрағасының орынбасары. "Ерен еңбегі үшін" (2012 ж.) медалімен марапатталған.