14 қазан 2015 17:20

Қазгидромет мамандары көлік дөңгелегін қысқыға қай кезде ауыстыру керегін айтты

ПОДЕЛИТЬСЯ

© molomo.ru © molomo.ru

Синоптиктер көліктердің жаз маусымына арналған дөңгелектерін қысқыға қай кезде ауыстыру керегін айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Бүгін Қазгидрометтегілер ұзақ мерзімге ауа райы болжамын жасады.


Синоптиктер көліктердің жаз маусымына арналған дөңгелектерін қысқыға қай кезде ауыстыру керегін айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Бүгін Қазгидрометтегілер ұзақ мерзімге ауа райы болжамын жасады.

Журналистердің сұрақтарына жауап берген кәсіпорынның басшысы елордалық жүргізушілерге көліктерінің дөңгелектерін қай кезде ауыстыру керегін айтты.

"Қазір мына сұрақ жиі қойылып жүр: "дөңгелекті қай кезде ауыстыру керек?" Біз дөңгелектерді қазанның соңында ауыстыруға кеңес береміз. Қазір емес. Себебі келесі аптада ауа температурасы көтеріледі деп болжап отырмыз. Ал көктайғақ келесі аптадан басталады, тіпті осы демалыс күндері басталуы мүмкін, себебі түнгі ауа температурасы сәл төмендеді. Егер қар жауса, көктайғақтың болуы әбден мүмкін", - деді Қазгидромет директоры Баян Сазанова.

Айта кетейік, брифинг барысында синоптиктер алдағы қысқа болжам жасады. Алдағы қыс, синоптиктердің болжамына қарағанда, өткен жылдың қысымен салыстырғанда көпжылдық климаттық көрсеткіштерге жақын болады.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 448.12   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети