13 мамыр 2016 09:52

Қазнетті дүрліктірген жалаңаш мүсін өзгертілмейтін болды

ПОДЕЛИТЬСЯ

© Тұрар Қазанғапов © Тұрар Қазанғапов

Қазнетті дүрліктірген мүсін өзгертілмейтін болды, - деп хабарлайды "КТК" телеарнасы. 


Қазнетті дүрліктірген мүсін өзгертілмейтін болды, - деп хабарлайды "КТК" телеарнасы. 

Тілшілердің мәліметінше, Астанада 2005 жылы қойылған жалаңаш мүсінді бірнеше апта бойы үздік сәулетшілер, танымал суретшілер, әкімдік өкілдері және тіпті мәдениет және спорт министрі зерттепті.  

Олардың пікірінше, мүсін орамалмен жабатындай немесе басқа жерге ауыстыратындай тым ашық кескінде тұрған жоқ. Қола мүсіннің сыртқы келбеті де өзгеріссіз қалмақ. Сонымен қатар, комиссия мүсіннің мәдени мұра нысаны емес екенін, сән туындысы екенін айтып отыр. 


© Тұрар Қазанғапов

Еске салайық, қойылғанына он жылдан асқан мүсінге қатысты дау биыл көктемде туған еді. Қазнетте Ғашықтар саябағында орналасқан "Ғашықтар" мүсіні үлкен дау туғызды. Астана тұрғыны дауға айналған мүсінді орамалмен жапқан болатын, ол композицияны алып тастасын немесе оны қайтадан киіндіріп қойсын деген болатын. Кейін ҚР мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы көркемдік кеңестің даулы мүсіннен ешқандай ереже бұзушылықты таппағанын айтты.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.22   490.7   4.76 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети