25 желтоқсан 2018 10:00

Қазнетті тәнті еткен өрт сөндіруші өзі жайлы айтып берді

ПОДЕЛИТЬСЯ

Дамир Байжасаров. Фотоколлаж Tengrinews.kz Дамир Байжасаров. Фотоколлаж Tengrinews.kz

Әлеуметтік желілерде қостанайлық өрт сөндірушінің суреті талқыланып жатыр. Tengrinews.kz тілшісі құтқарушыдан бұл суреттің қашан және қайда жасалғанын сұрап білді.


Әлеуметтік желілерде қостанайлық өрт сөндірушінің суреті талқыланып жатыр. Tengrinews.kz тілшісі құтқарушыдан бұл суреттің қашан және қайда жасалғанын сұрап білді.

Суретте мұнайып, шаршап тұрған өрт сөндірушіні көруге болады. Желі қолданушыларының бірі суретке түсірген адамның жұмысына және кадрдың сәтті шыққанына тәнті болса, тағы бірі құтқарушының жұмысы қиын екенін жазып жатыр.

Tengrinews.kz тілшісі суреттегі өрт сөндірушімен кездесіп көрді. Оның азаматтық қорғау сержанты 23 жастағы кіші сержант Дамир Байжасаров екені анықталды. Ол армиядан келген соң осы қызметке келіпті. Мұнда жұмыс істеп жүргеніне 2 жыл болыпты.

Ал Желіде тарап жатқан сурет 14 желтоқсанда қаладағы жатақханалардың бірінде болған өрт кезінде түсіріліпті. Ол кезде өрттен екі ер адам қаза болған.

"Эмоцияға толы болдық, үлгермей қаламыз ба деп қорықтық. Уақыт жоғалтпай, бірден шешім қабылдау қажет болды. Менен де зор ерлік көрсеткен адамдар болды, бұл тек менің еңбегім емес, мен тек осылай кадрға түсіп қалдым. Жұмыс кезінде шаршау дегенді сезбейсің, адамдарды құтқарасың, өзіңді ойламайсың да. Ол кезде көпқабатты үйден өрт шыққан еді, әр қабатта жүгіріп жүру керек болды", - деп еске алды Дамир.

Сондай-ақ, Дамир бұл суреттің ойламаған жерден жасалғанын және біреудің оны суретке түсіріп жатқанын байқамағанын айтады.

Как вам дизайн сайта Tengri News?
Пройти опрос
Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 449.3   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети