10 шілде 2014 19:31

"Қазпочта" басшысының өкілеттігі тоқтатылды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Tengrinews© иллюстрациясы Tengrinews© иллюстрациясы

"Қазпочта" басшысының өкілеттігі тоқтатылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Самұрық-қазына" Ұлттық әл-ауқат қоры" АҚ-ның сайтына сілтеме жасап. 


"Қазпочта" басшысының өкілеттігі тоқтатылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Самұрық-қазына" Ұлттық әл-ауқат қоры" АҚ-ның сайтына сілтеме жасап. 

"Қазпочта" АҚ Басқармасының төрағасы Асхат Ниязбекұлы Бейсенбаевтың өкілеттігі өзінің жазбаша өтініші негізінде 2014 жылғы 10 шілдеден бастап мерзімінен бұрын тоқтатылсын", - делінген 2014 жылғы 4 шілдедегі Директорлар кеңесінің шешімінде.

Асхат Бейсенбаев "Қазпочта" АҚ Директорлар кеңесінің шешімімен (30.10.2013 ж. № 08/13 хаттама) "Қазпочта" АҚ-ның Басқарма төрағасы болып 2013 жылғы 30 қазанда сайланды. Асхат Бейсенбаев Қазақстан Республикасының ұлттық почта операторының басшысы болып сайланғанға дейін "БТА Банк" АҚ Басқарма төрағасының міндетін атқарды.

Сондай-ақ, директорлар кеңесі бұдан бөлек мынадай шешімдер қабылдаған: "Қазпочта" АҚ Басқармасының сандық құрамы бес адам болып белгіленсін. 2014 жылғы 4 шілдеден бастап Басқарма құрамына "Қазпочта" АҚ Басқарма төрағасының орынбасары – Басқарма мүшесі (трансформация блогы) болып Серік Николаевич Адирискалиев сайлансын. "Қазпочта" АҚ Басқарма төрағасының орынбасары Серік Николаевич Адирискалиев өкілеттігінің мерзімі "Қазпочта" АҚ Басқармасының мерзімі өткенге дейін, тұтастай 2015 жылғы 2 шілдеге дейін болып белгіленсін.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.26   490.7   4.83 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети