Tengri FM Радиосы Радио Жұлдыз FM Қазақстан заңдары Экономика сабақтары
KZ RU EN
Бізге жазба жолдау +7 (727) 388 8124
искать через Tengrinews.kz
искать через Google
искать через Yandex
USD / KZT - 332.80
EUR / KZT - 390.57
CNY / KZT - 49.88
RUB / KZT - 5.60

"Қазпошта" басшыларының миллиондаған жалақысы сенатордың ашуын келтірді

26 Маусым 2014, 16:33
1
©Тengrinews.kz
©Тengrinews.kz

Бүгін Сенат Қазақстанның пошта саласындағы заң нормаларын Дүниежүзік пошта одағының актілеріне сәйкестендіруге арналған заңды қабылдады. Оны қабылдамай тұрып, сенатор Светлана Жалмағамбетова ауылды жерлерде жұмыс істеп жүрген пошташылардың тым мардымсыз жалақы мәселесін көтерді. Осы орайда ол "Қазпошта" басшыларының ақшаны миллиондап алатынын жеткізді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.

"Ақмола облысындағы Жарқайың ауданын алайықшы, онда 20 пошташы жұмыс істейді. Олардың барлығы 5,5 ставка алады. Бір ставкаң - 37 мың теңге, сәуірдің 1-інен бастап ол 44 560 теңгеге көтерілді. Дегенмен Гостелло деген ауылда 758 адам тұрады. Ол жердегі пошташы-оператор 0,3 ставка, яғни тек 12 300 теңге ғана алады. Ал Тасуат ауылындағы пошта қызметкері 0,2 ставкамен күн көріп жүр. Бұл - 8 900 теңге. Ауылдардың басым бөлігінде солай. Бүгінде жалғыз Тасталды ауылында жұмыс істейтін почтальон ғана толық ставканы алып отырады. Аталған пошташылардың барлығы ай сайын 244 мың теңге алады. Бірақ олар зейнетақының өзін жеткізудің арқасында "Қазпоштаға" 750 мың теңге табыс әкеледі. Демек, үш есе артық жұмыс істейді. "Қазпошта" басшылары болса, жақында сол қызметкерлерді қысқартамыз деп шыққан", - дейді Светлана Жалмағамбетова. 

Сенатордың айтуынша, пошташылар әкелген табыстың басым бөлігі "Қазпошта" басшыларының жалақысына кетеді. "Олар жалақының нақты көлемін беруден қашқақтап, менің жазбаша сауалыма да жауап бермеді. Сөйтсек, біз өзіміз "Самұрық-Қазына" қоры ("Қазпошта" сол қордың құрамына кіреді - Авт.) туралы заңды қабылдағаннан кейін ондай ақпарат депутаттар үшін де жабық болып қалды. Бұл жай нәрсе емес", - деп атап көрсетті Сенат депутаты. Өз сөзінде ол "Қазпошта" басшыларының бүгінгі жалақысы сан алуан бонустар мен сыйақысыз 1-1,5 миллион теңгеге дейін жететінін айтты.

"Мен біреудің қалтасын ақтарудан аулақпын. Алайда басшылар мен жұмысшылардың жалақысы арасындағы айырмашылық мәселесі ел үкіметіне ой салу қажет. Оның үстіне бүгінде пошта қызметінің сапасы да сын көтермейді", - деді Жалмағамбетова. 


Нравится
Поделиться
Пікірлерді көру (1)
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай