Tengri FM Радиосы Радио Жұлдыз FM Қазақстан заңдары Экономика сабақтары
KZ RU EN
Бізге жазба жолдау +7 (727) 388 8124
искать через Tengrinews.kz
искать через Google
искать через Yandex
USD / KZT - 333.32
EUR / KZT - 392.58
CNY / KZT - 50.02
RUB / KZT - 5.64

"Қазпошта" Қазақстан халқы ассамблеясына арнап марка шығарды

25 Маусым 2015, 16:04
6
© "Қазпошта" АҚ баспасөз қызметі
© "Қазпошта" АҚ баспасөз қызметі

"Қазпошта" Қазақстан халқы ассамблеясына арнап марка шығарды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі акционерлік қоғамның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Баспасөз қызметінің мәліметінше, "Естелік және мерейтойлық күндер" сериясы бойынша шығарылған марканың номиналы - 200 теңге. Марка 4 бояудағы офсетті тәсілмен жасалған.

"Блок өлшемі 104х72 миллиметр, ал марка өлшемі 52х36 миллиметрге тең, тираж 5 мың данадан тұрады. Қазақстан халқы ассамблеясының 20 жылдығына арналған марканың дизайнын суретші Сергей Маршев әзірледі", - дейді баспасөз қызметіндегілер.

Айта кетейік, Қазақстан халық ассамблеясын құру идеясын Нұрсұлтан Назарбаев 1992 жылы Тәуелсіздіктің бір жылдығына арналған Қазақстан халықтарының форумында алғаш рет айтқан болатын. Ал 1995 жылы 1 наурызда ҚР Президенті жанындағы консультативтік-кеңесші орган ретінде мәртебесін айқындайтын Қазақстан халық ассамблеясын құру туралы жарлық шықты. Кейін Қазақстан халық ассамблеясы берік құқықтық негізге және қоғамдық-саяси мәртебеге ие конституциялық орган болып өзгерді.

Еске сала кетейік, бұған дейін Қазақстанда ЕАЭО-ға арналған пошта маркасының шыққаны хабарланған болатын. Марка "Ұмытылмас және мерейтойлық даталар" сериясымен, 5100 данамен шықты, номиналы - 100 теңге.

 

Нравится
Поделиться
Пікірлерді көру (6)
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай